ЗАҢ КЛИНИКАСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢГЕРЛЕР ОДАҒЫНДА

2016 жылы 09 наурыз сағ.16.00 де «Туран-Астана» Университетінің студенттік заң клиникасының жетекшісі, МҚП кафедрасының аға оқытушысы Базарбек Б.Ж және клиниканың белсенділері Қазақстаннның заңгерлер Одағында болды.

Студенттік заң клиникасының белсенділері Қазақстанның Заңгерлер Одағының Атқарушы директоры, тәжірибелі заңгер, отставкадағы судья Құрманова Дариғамен, Заңгерлер Одағының ұжымымен танысып шықты. Заңгерлер Одағының төрайымы Құрманова Дариға студенттермен жүздесу барысында бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Әсіресе, студенттерге заң білімінің жоғары сапалылығының қазіргі таңдағы маңыздылығы, өз-өзімен жұмыс істеу, сапалы білім алу, тәжірибеден өту арқылы кәсіпқойлықты арттыру, қоғамдық жұмысқа атсалысуға қатысты мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында сайлау, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, енбек, экологиялық заңнамалардың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кездесу барысында Халықаралық заңгерлер Одағы мен
Қазақстан заңгерлер одағының ұйымдастыруымен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсы өтетіндігін және сол конкурска «Туран-Астана» Университетінің студенттік клиникасының белсенділерінің қатысуын сұранды.

Сол сияқты, кездесу барысында студенттердің Заңгерлер Одағында тәжірибеден өту және Одақтың аясында өзге мемлекеттік органдарда өту мүмкіндігі талқыланды.

Қазіргі таңда, «Туран-Астана» Университеті мен Қазақстанның Заңгерлер Одағы арасында қарым қатынас пен байланыс орнату туралы Меморандумы әзірленіп жатыр.

 

 

Comments are closed.