Студенттік заң клиникасының әлеуметтік жауапкершілігі

IMG_0161 «Тұран-Астана» Университетінің студенттік заң клиникасының бастамасы бойынша Гуманитарлық заң факультетінің білікті заңгерлері з.ғ.д, профессор, тәжірибедегі заңгер, нотариус Сман А.С,  з.ғ.к, доцент, тәжірибедегі заңгер, адвокат Налибаев М және тәжірибедегі заңгер, халықаралық сарапшы Базарбек Б.Ж, сол сияқты студенттік заң клиникасының белсенділері Ю-302 тобының студенті Жанатаев Кажмурат, Ю-102/1 тобының студенті Айдосов Рахат, З-1 тобының студенттері Габдулина Асыл мен Сапарова Айсулу «Астана қаласының Қарттар және мүгедектер үйі» Медициналық әлеуметтік мекемесіне қарттар мен мүгедектерге білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында кездесу өткізді.
+++++++++++++++++++++++++++++

IMG_0178Заңгерлерге, «Тұран-Астана» Университетінің білікті мұғалімдеріне тастап кеткен қарттар мен мүгедектердің қатарынан 25 жуық адам мүлікті иемдену және оны табыстау, мұраға ие болу, зейнетақылық қамтамасыз ету, жылжымалы мүлікті, жер телімдерін құқықтық рәсімдеу, қарызды талап ету, алименттік міндеттемелерді орындау, отбасылық даулар, мүліктік даулар, атқару өндірісі және басқа да өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды.
++++++++++++++++++++
+++++++++++++++++++++++++++
+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

IMG_0139Кездесу нәтижесінде Қарттар және мүгедектер үйі мен «Тұран-Астана» Университетінің арасында байланысты нығайту және құқықтық көмек көрсету  туралы Меморандум бекітілді.

Ал Университет атынан «Астана қаласының Қарттар және мүгедектер үйінің кітап қорына Астана туралы кітаптар мен ғылыми әдебиеттер табыс етілді.

Comments are closed.