Студенттік заң клиникасының “Жастар Жалыны – 2016” сайысындағы волонтерлік жобасы

123

07 сәуір 2016 жылы Тұран Астана Университетінің студенттік заң клиникасының белсенділері Республикалық “Жастар Жалыны – 2016”  – «Ең үздік волонтерлік жоба» сайысына қатысты.
Аталған конкурсты Астана қаласының әкімдігі мен Нұр Отан ХДП-ның Жас Отан ұйымының бірлесуімен өткізіліп отыр.

Жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға жобалық тендесіз волонтерлік көмек
көрсету, қоғамға, қоршаған ортаға, адамдарға пайдалы әрі игі істерді жүргізу арқылы халықта, әсіресе жастар арасында әлеуметтік жауапкершілікті нығайту болып табылады.

124Конкурсқа Астана қаласының барлық ЖОО соның ішінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазГЗУ, Назарбаев Университеті, Астана Медициналық Университеті, С.Сейфуллин атындағы Казақ Агротехникалық Университеті және бірқатар колледждер жобаларын ұсынды.

“Тұран-Астана” Университеті атынан «Ең үздік волонтерлік жоба» ретінде Студенттік заң клиникасы ұсынылды. Студенттік заң клиникасынан конкурсқа мұқтаж адамдарға заң құқықтық көмек көрсету жобасын студенттік заң клиникасының белсенділері Ю-302 тобының студенті Жанатаев Кажмурат, Ю-102/1 тобының студенті Айдосов Рахат, З-1 тобының студенттері Габдулина Асыл мен Сапарова Айсулу ұсынды. Клиника атынан қатысушыларға арнайы үндеумен Клиника жетекшісі Б.Базарбек сөз сөйледі. Клиника белсенділеріне ұйымдастырушылардың тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды.

Жобаның нәтижесі сәуірдің 13 жұлдызында Астана қаласының Конгресс холлында салтанатты түрде жарияланатын болады.

Comments are closed.