Қазақстанның заңгерлер Одағының атқарушы директорымен кездесу

IMG_09732016 жылдың 15 сәуірінде студенттік заң клиникасы мен Университеттің Гуманитарлық заң факультеті деканатының бастамалары бойынша Қазақстанның заңгерлер Одағының атқарушы директоры, еңбек сіңірген заңгер, отставкадағы судъя Құрманова Дариға Құрманқызының факультеттің оқытушылық құрамы мен студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Құрманова, факультеттің оқытушылық құрамы мен студенттерге Одақтың қызметі, заңжобалық қызметі, Одақтың енгізген ұсыныстары мен қоғамдық жұмыстың нәтижелерімен таныстырды. Соның ішінде Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық кодексі, Кәсіпкерлік кодекс сияқты Одақтың тікелей қатысуымен әзірленген және дайындалған заңи актілерді дайындау және қабылдаудың өзекті мәселелеріне тоқталып кетті.

IMG_0982Әсіресе, Одақ өкілі кездесуге қатысқандарды Одақтың ұсынған жобаларымен, соның ішінде халыққа құқықтық қызмет көрсету, Одақтың Халықаралық заңгерлер Одағымен байланысы, студенттер, магистранттар және докторанттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсымен таныстырды.

Сонымен қатар, Одақ төрайымы, ұйымның Астана қаласы халықаралық қаржы орталығымен Халықаралық қаржы сотын құру және сотқа білікті әрі тәжірибелі мамандарды жинақтауға байланысты қарым қатынастарды орнатылып жатқандығын тие кетті. Сол сияқты, Құрманова заң кәсіби мамандығының сапасын арттыру, заң саласындағы кәсіби білімнің денгейін көтеру мәселелеріне тоқтады. Әсіресе, жұмыспен қамтылған заңгерлердің статистикалық көрсеткіштерін келтіре отырып, Одақ төрайымы заңгерлерді жұмыспен қамту саласындағы өзекті әрі көкейкесті мәселелер бойынша өзінің ойымен бөлісті.

IMG_0990Университет мұғалімдері мен студент қауымымен кездесу соңында Одақ төрайымына бірқатар сауалдар қойылған. Соның ішінде, студенттердің мемлекеттік органдарда тәжірибе өтуге қатысты, профессорлық мұғалімдік құрамды заң жобалық жұмыстарға араластыру, студенттердің халықаралық ғылыми жобаларға қатыстыру, Одаққа мүшелікке кіру сияқты сұрақтар қойылды.

Comments are closed.