«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының ғылыми-әдістемелік, шығармашылық жетістіктерінің көрмесі

IMG_0808 Көрменің салтанатты ашылуында: «Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор Г.Ә.Жапарова, «Тұран-Астана» университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Т.Ә.Толқынбаев, «Ақпараттық технологиялар және сервис» факультетінің деканы, э.ғ.к. Б.М.Искаков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Инженерлік графика және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д.,профессор Байдабеков А.К., Астана қаласы Суретшілер Одағының төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері, Тоқтар Ермек, Астана қаласы Оқушылар Сарайының Халықаралық Бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Досмағанбетов Ералы, Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор, ҚР және Ресей Суретшілер одағының мүшесі С.Ә.Аманжолов құттықтау сөз сөйледі, көрменің ашылуына мектеп оқушылары, университет профессор оқытушылары, магистранттар мен студенттер шақырылды.

IMG_0828Көрменің негізгі мақсаты: кафедра профессор оқытушыларының ғылыми жетістіктерін, жаңа идеяларын жария ету және жүзеге асыру, кәсіби сабақтарды жүргізетін оқытушылардың шығармашылық туындылары мен ізденістерін, еліміздің болашақ бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауда  пайдалануға ұмтылту, «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы профессор оқытушыларының  ғылыми, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық жетістіктерін көпшілікке таныстыру.

IMG_0819Көрмеге «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасында еңбек ететін  оқытушы-профессорлары б.ғ.д, профессор Мырзахановтың Н.М., п.ғ.д., профессор Никитинский Е.С.: г.ғ.д., Достайдың Ж.Д., ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектері және п.ғ.д., ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Ресей Суретшілер одағының мүшесі, «2007 және 2011 ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» С.Ә.Аманжоловтың ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектері және шығармашылық  жұмыстары қойылды. Сонымен қатар кафедраның білікті ғалымдары г.ғ.к, Аяпбекова А.Е., т.ғ.к., Умралиева Б.И., Амангелді А.А., Исабеков С.Б, Атикеева С.Н., Курсабаев М.К. Балтабаевтың М.С. ғылыми, оқу әдістемелік жұмыстары, мақалалары, суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Назарқұлдың А.С кескіндеме, сурет және сәнді-қолданбалы өнеріңің әр түрлі жанрлары бойынша: теріден  жасалған ұлттық нақыштағы бұйымдары, мүсін  жұмыстары қойылды

Көрмеге қатысушылар – университет ұжымы, ғалымдар, студенттер, қонақтар және «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының оқытушылық-профессорлық құрамы, Дизайн мамандығының студенттері.

IMG_0833  IMG_0829 IMG_0815

Назарқұл А.С

Ұйымдастырушы:  «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының меңгерушісі  Аманжолов С.Ә.

Comments are closed.