«SOS» Балалар ауылының тәрбиеленуші оқушыларымен кездесу

IMG_041718 ақпан күні заң клиникасының меңгерушісі Базарбек Б.Ж., ГЗФ декан орынбасары Берекетова Ж.К және студенттік заң клиникасының белсенділері, Университеттің Заңтану және Халықаралық құқық мамандықтарының 1, 2 курс студенттері клиника аясында қайырымдылық көрсету және құқықтық көмек көрсету мақсатында «SOS» Балалар ауылының тәрбиеленуші оқушыларымен кездесу өткізді.
====
=========
========================================
=============================

IMG_0409Кездесу барысында клиника жетекшісі Базарбек Б.Ж. «SOS» Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне «Білімнің маңыздылығы, кітап оқудың қажеттілігі, өмірде мақсат қою және мақсатқа жетуге байланысты» танымдық тренинг семинарын өткізді. Семинардың нәтижесінде балаларға «Туран-Астана»

====
====
===
===========================

IMG_0424Университеті атынан келе жатқан аралық бақылауға (ВОУД) дайындық ретінде, алгебра, тарих, қазақ тілі, биология, ағылшын тілі, физика, химия, география пәндерінен тест жинақ кітапшалары табыс етілді.
Оған қоса, «SOS» Балалар ауылының кітапханасына «Туран-Астана» Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының авторлығымен шыққан оқу құралдары мен оқулықтары табыс етілді. ====
====
================================
======================================
===================================
==============================================

IMG_0441Семинардың соңында балалар үйінің тәрбиеші мұғалімдерімен бірге заңи консультациялық қызмет көрсету аясында тәрбиеленіп жатқан балалардың қазіргі таңға дейін шешілуін таппай жүрген даулы құқықтық мәселелер талқыланды. Казіргі таңда, заң клиника студенттері осы құқықтық мәселелерді шешу үшін тиісті құжаттар дайындап жатыр.
Семинардың соңында қатысушылар ортақ фотосуреттерге түсті. Сол
сияқты «Астана қ. SOS Балалар ауылының» директоры мен кездесу болды, бұл кезесуде «Туран Астана» университетімен ортақ меморандумге отыру мәселесі көтерілді.

IMG_0440

Comments are closed.