«Елордалық Бағалаушылар палатасы» ҚБ Президиумының Төрағасымен кездесу өтті


Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні Тұран-Астана Университетінде Экономикалық
бағыттағы студенттерге 
«Елордалық Бағалаушылар палатасы» ҚБ Президиумының
Төрағасы «Елордалық бағалау агенттігі» ЖШС-нің директоры Яковлева Ольга Николаевнаның
қатысуымен  студенттерге арналған дәріс кездесуі өтті. Кездесу барысында Ольгна Николаевна
бағалау қызметінің келешегі туралы және осы саладағы бағалау қағидаттары мен стандарттары
туралы заңдарды түзету туралы атап өтті.
Студенттеріміз үлкен қызығушылық танытып, әсіресе балаларды тәжірбиеден өту , жұмысқа
орналасу және осы саладағы болашақтағы мүмкіншіліктері қызықтырды.
Соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Comments are closed.