«Девальвация. Дедоллоризация» және студенттердің жұмыстарының көрме-конкурсы

банер

«Қаржы және менеджмент» кафедрасында ғылыми апталық аясында 2016 жылдың 12 сәуірінде  бір уақытта «Девальвация. Дедолларизация» тақырыбында ғылыми семинар мен студенттердің шығармашылық және ғылыми жұмыстарының көрме-конкурсы өтті.  Семинарға «Қаржы» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері қатысты. Смагулова Айша мен Сәрсен Құрманай- «Қазақстандағы инфляциялық үдерістер», Туземов Дамир – «Экономиканың дедолларизациясы», Вальчук Юлия – «Инфляциялық таргеттеу: әлемдік тәжірибе», Ершина Айсулу – «Қазақстан Республикасында инфляциялық таргеттеу», Ахмедиева Айжан және Сүйінішова Еркемай – «Теңгенің құнсыздануы» атты ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Мемлекетте дағдарыс деңгейін қадағалау мақсатында дағдарыс  пен оның алдын-алу жағдайында мемлекеттік билік қабылдаған Қазақстан Республикасының ақша- несиелік саясатын өткізуге қатысты семинар барысында бірнеше мәселелер қарастырылды.

Семинар белсенді диалог түрінде өтті. Семинарға қатысушылардың пікірі бойынша осы сияқты шараларға қатысу тәжірибесі студенттер үшін жеке, кафедра және университеттің ғылыми өмірінің дамуына қажет.

Comments are closed.