«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

«Елімнің бақытын тербеткен
Тәуелсіздік»тақырыбында
«Тәуелсіздік күніне» арналған
мерекелік шараны Гуманитарлық
заң факультетінің студенттеріне
арнап, декан орынбасарының
жетекшілігімен Студенттік
деканатының мүшелері атап өтті.

 

Шарада Қазақ хандығының 550 жылдығынан бастап Желтоқсан
оқиғасына дейінгі кезеңдер туралы ақпарат берілді. Атап айтар болсақ,
Қ.Н.Рысқұлбековтың өмірінен қойылған көрініс көпшіліктің жанын
тербеткені анық. Көріністің кейіпкерлері Гуманитарлық заң факультетінің 3
курс студенттері Каиров Әмірбек, Насиеева Салтанат, Дартай Даурен,
Түркіменбаев Нұрғали, Ботабай Сағдат, Құдайберді Нұркелді сыңды
студенттер сомдап шықты. Көрініс барысында Қ.Н.Рысқұлбековтың
тергеудегі және де Сот алыдындағы ақтық сөзін көрсеткен болатын.

Шара барысында би биленіп, ән шырқалды. Сонымен қатар, Түркіменбаев Нұрғалидің
«Қазақ халқына арнау» өлеңі оқылып, көрерменің патриоттық сезімін оятып, бір тербетіп жіберді.

Comments are closed.