«Қазіргі жастар және ұлттық сана-сезім»

 9 ақпан күні 2-оқу корпусының конференц-залында университеттің
Жастар ісі бойынша комитеті Жастар күніне арналған дөңгелек үстелі «Қазіргі жастар және ұлттық сана-сезім» атты тақырыбында өткізілді.
Дөңгелек үстелді университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыс
жөніндегі проректоры Б.Қ.Аяпбергенов ашты, өз сөзінде ол қатысушылардың назарын қоғамның жасампаздығы жастар екендігіне және мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы олардың рөліне аударды. Барлығын жасампаз еңбекке және жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды насихаттауда белсенділік танытуға шақырды.
Дөңгелек үстелдің модераторы, ЖІК төрағасы, дебат клубының
жетекшісі Р.Қ.Каликов дебат қозғалысының университет ішінде, сол сияқты республика бойынша жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Университеттің ЖІК төрағасы Хамитов Сапар өз жетістіктерінің тәжірибесімен, сондай-ақ «Тұран-Астана» IMG_0199университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің мақсат-міндеттерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелде скаут қозғалысы, КССР жастар ұйымдары, жастар субмәдениеті, арулар байқауының тарихы туралы мәелелер қозғалды. Осы мәселелер бойынша негізгі баяндамаларымен 1-2- курс студенттері шықты: Сыздықова А., Орумбаев Д., Джуматаева К., Исина А.

Егинжанов Диас студенттік футбол лигасының миссиясы туралы ой бөлісті.

Форум қатысушылары отырыстың қорытындылары бойынша ЖІК жұмысын күшейту турасында бір қатар ұсыныстар берді.

IMG_0206Сол күні дін мәселелерін зерттеу Орталығының өкілдері Құдайберген Мөлдір, Мәлікаждар Абылайханмен және «Хазірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Мүптиәділұлы Бақытжанмен студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында қонақтар студенттерге деструктивті діни бағыттар туралы, яғни тұлғаның санасына теріс әсер ететін, адамның, әсіресе жастардың құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіретін, физикалық,
моральдік зиян келтіретін діни ағымдар туралы әңгімеледі. Осындай ағымдардың негізгі белгілерін атап өтті. Айтылып отырған діни ағымдардың өкілдерімен өздерін ұстау қағидаларымен таныстырып өтті.

Кездесу кезінде антиэкстрималды сипаттағы бейнероликтер көрсетілді.

 

Comments are closed.