«Еуразиялық білім кеңістігіндегі көркемөнер білімі және эстетикалық тәрбие» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция

банер 2016 жылы 15 сәуірде «Тұран-Астана» университетінде «Еуразиялық білім кеңістігіндегі көркемөнер білімі және эстетикалық тәрбие» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті. Конференцияда Қазақстанның және Ресейдің алдыңғы қатарлы ЖОО-ның атақты және жетекші ғалымдары атсалысты. Конференция жұмысына – педагогтар, ғалымдар, аспиранттар, магистранттар, докторанттар және ізденушілер шақырылды. Конференцияның толық мәжілісінде іс тәртібінде: «Тұран-Астана» университетінің ректоры, э.ғ.к., профессор Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова; «Тұран-Астана» университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.д. Темірхан Әнапияұлы Толқынбаев; РФ-ның ММПУ маңындағы ОӘК (оқу-әдістемелік комитетінің) төрағасы, ММПУ маңындағы Диссертациялық кеңесінің төрағасы, ММПУ-нің «Көркем сурет» кафедрасы меңгерушісі, РБА-мен РКөА-ның академигі, РБА-ның академик-хатшысы, п.ғ.д., профессор Станислав Петрович Ломов, Мәскеу қаласы, РФ; «Ақпараттық технологиялар және сервис» факультетінің деканы, э.ғ.к. Бауыржан Мұратбекұлы Искаков; «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Қазақстан және Ресей суретшілерінің одағының мүшесі Аманжолов Сейітқали Әбдіқадырұлы; атақты Кеңес одағының психологыңың Е.И.Игнатьевтің ұлы, ММПУ-нің КөГФ (көркемөнер-графикалық факультеті) «Әдістеме» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Сергей Евгеньевич Игнатьев, Мәскеу; РБА академигі, Омбы мемлекеттік университеті Өнер институтының директоры, п.ғ.д., профессор Леонид Георгиевич Медведев, Омбы қаласы; ММПУ-нің Өнер институтының директоры, мәдениеттану докторы Гузалия Ильгизовна Фазылзянова, Мәскеу; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Инженерлік графика және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Байдабеков Ауез Кеңесбекович, Астана, Қазақстан; ХӨЖМ (халық өнерінің жоғары мектебі)-нің Омбыдағы өкілдігінің директоры, п.ғ.д., профессор Кайыртай Жакупович Амиргазин, Омбы; М.Ауезов атындағы ОҚМУ-нің проректоры, профессор Садибек Калмаханович Бейсенбаев, Шымкент, Қазақстан; ММПУ-нің КөГФ (көркемөнер-графикалық факультеті) «Сурет» кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Рауф Чинчорович Барциц, Мәскеу; ММОУ-нің «Бейнелеу өнері және халық қолөнері» факультеті деканы, п.ғ.к., профессор Павел Дмитриевич Чистов, Мәскеу; ОҚМПИ-нің ғылым бойынша проректоры, п.ғ.д., профессор Медеубек Жуматаевич Танирбергенов, Шымкент; көркем-педагогикалық білімі саласындағы атақты ғалым, РФ-ның жоғары білімінің еңбегі сіңген қайраткері, И.С.Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д., профессор Анатолий Семенович Хворостов және  жетекші дизайнер-маман п.ғ.д., профессор Дмитрий Анатольевич Хворостов Орел қаласы, Ресей, ғалымдары сөз сөйледі.

Онлайн-конференцияның барлық қатысушылары осындай іс шаралардың жиі өткізуінің маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға көмекпен ынтымақтастық үшін өз алғысын айтты. Жұмыс барысында бірлесе отыра өзекті мәселерден шығу жолдары шығарылуынан соң конференцияның нәтижесінде қарар қабылданды, және ғылыми жинағы шығатыны айтылды.

Модератор: «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Қазақстан және Ресей суретшілерінің одағының мүшесі Аманжолов Сейітқали Әбдіқадырұлы

Comments are closed.