“Тұран-Астана” университетінде ғылым апталығы өтті

IMG_0867 Университет бойынша ғылым апталығын өткізу аясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлаған. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Түркі әлемін танытудың аспектілері» атты семинар-конференциясын өткізді. Аталмыш шараға Астана қаласының № 51, 41 мектептерінің оқушылары мен «Лингва» колледжінің студенттері қатысты. Конференция жұмысына университетіміздің 1, 2, 3 курс студенттері баяндамалар дайындап, ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында IMG_0899ғылымды насихаттай отырып, ғылым мен білімге деген құштарлықтарын арттыру. Семинар-конференцияда түркітанудың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Гранит науки – 5» халықаралық конкурсының үздік ғылыми жоба номинациясы бойынша жүлделі орын алған қазақ тілі және әдебиеті мамандығының магистранттары мен студенттерін марапттау рәсімі өтті. Келесі магистранттар мен студенттерге диплом және медаль берілді: Ұ.Абжалова, А.Абуева, И.Багелдина, Ж.Қаливеа (МҚТӘ 1-2 курс), Н.Талипова, А.Мойнақова, Ж.Батырхан, Б.Сапаралы (ҚТӘ-201).
Жауапты ұйымдастырушы: фил.ғ.к., доцент Искакова Ж.М.

IMG_0955 «Тұран-Астана» университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 15-сәуір күні «Шет тілін интернет ресурстары арқылы үйрену» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты заманауи технологияларды пайдаланы отырып шет тілдерін үйрену болып табылады. Семинарда студенттер заманауи мобильді қосымшалар арқылы ағылшын және шет тілдерін тиімді үйренуге болатындықтарын айтты. Сонымен қатар, «Аударма ісінің» 3 курс студенті С.Жансейіт өзінің «Work and Travel» бағдарламасы бойынша тәжірибесімен бөлісті. Жас полиглоттар төмендегі тиімді мобильді қосымшаларды қолданған: “Lingualeo”, “Busuu”, “Duolingo”, “Hello Talk” және “Kakao talk”.

Жауаптылар: аға оқытушылар Юсбекова Н.Н. және Демесинова Л.М., преподаватель, оқытушы Иманбаева Ж.К.

IMG_0969


Comments are closed.