Жер мәселесіне байланысты өткізілген дөңгелек үстел

IMG_164029 сәуір 2016 жылы 11.30 Университеттің студенттік заң клиникасы мен гуманитарлық заң факультетінің бірлесуімен «Приватизация земель сельскохозяйственного назначения: особенности и проблемы разъяснения» атты тақырыппен дөнгелек үстөл ұйымдастырылды. Дөнгелек үстөлдің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматтары мен отандық заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жекешелендіруге қатысты Жер кодексінің нормаларын және 01 шілде 2016 жылы заңды күшіне енетін Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтыруларына нақты, салмақты әрі дұрыс түсіндірме жүргізу.

IMG_1566Дөнгелек үстөл сонғы уақытта әлеуметтік және медиа желілерінде қоғамдық талқыланып отырған Қазақстан Республикасының Жер кодексіне заң шығармашылық жаңашылдықтарға қатысты ұйымдастырылды. Дөнгелек үстөлдің жұмысына ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің құрылыс, ТКШ және жер ресурстарын басқару Комитетінің мемлекеттің жер кадастрі басқарма басшысы Р. Дауталинов, ҚР Фермерлер Одағының Президентінің экономикалық сұрақтар бойынша кеңесшісі Ибраимов К.Ғ.

IMG_1552Дөнгелек үстөлдің жұмысын «Казахстан», 24.kz, ОРТ-Евразия телеарналары; КАПИТАЛ, Bnews, Казахстанская правда, Tengrinews және басқа да республикалық баспалар мен интернет порталдар іс шараны қамтып түсірді. Дөнгелек үстөлдің жұмысында Университеттің басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам және студенттер белсенді қатысты.
===
====
=====
IMG_1595Дөнгелек үстелдің барысында сарапшылар Қазақстан Республикасының жер заңнамасының негізгі басымдылықтарына тоқталды. Сарапшылар, ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың жер реформасына, ауыл шаруашылық өндіріске, сол сияқты елдің агроөнеркәсіп кешеніне оң ықпалын тигізетіндігіне қатысты өз ой пікірлерін тарқатты. Жалпы, сарапшылар, өзекті болып тұрған Жер кодексінің нақты нормаларының тиісті баптарына құқықтық түсіндірме берді,сол сияқты аталған өзгерістердегі азаматтар мен отандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерді жеңілдетілген бағамен жекешелендіруге жол беретін құқықтық тетіктердің тиімділігі туралы дәлелді түсіндірме берді.

Кездесу соңында сарапшылар мұғалімдер мен студенттердің көкейіндегі жерге қатысты сұрақтарына толық қанды жауап берді.

Comments are closed.