«Тұран-Жастары» квн командасының жеңістері

«Тұран-Астана» университеті үшін жеңістің уақыты сәуір айының үшінші онкүндігінің екінші жартысы болды. Университеттің жайдарман командасы өзінің жанкүйерлерін үш жеңісімен қуантты.


28 сәуір күні жайдарман «Тұран-Жастары» Павлодар қаласында өнер көрсетіп, 20 қатысушы команданың ішінде 1-орын алып «Жайдарман» орта лигасының жартылай финалына шықты. Ал 29 сәуір күні Астанада өткен 18 команданы басып озып, жоғарғы лиганың жартылай финалына шықты.

Мұнымен біздің жігіттердің салтанатты шеруі біткен жоқ. 30 сәуір күні «Тұран-Астана» университетінің бірлескен командасы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ң 20- жылдығына арналған ойынға қатысып, 3-орынға ие
болды. Ойында Республиканың жоғары лигасының бірінші маусымында өнер көрсетіп жүрген 15 команда қатысты.

Бұл байқаудың біздің жігіттер үшін қаншалықты күрделі болғанын қатысушы командаларды атап өтсек жеткілікті болады – бұл «Алянс» – Семей, «АЭСА» – Алматы, «Энерго» – Астана, «Ару». Kz» – Арқалық,
«Қорғалжын» – Астана, «Ханшайм» – Алматы, «Туран-Астана».

Ойынның қорытындысы бойынша фестивальдің ең үздік ойыншысы біздің «Тұран-Астана» университетінің 1-курс студенті Жақсылық Жалғасбек атанды (ЕжА-101).
       

Comments are closed.