Жастарға экологиялық тәрбие берудің маңызы

IMG_14412016 жылдың 27 сәуірінде студенттік заң клиникасы мен З-301(1), 3-301(2) және Ю-302 топтарының студенттері «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» және «Қазақстан Республикасының жер құқығы» пәндерін оқу танысу аясында «Астана Экополигон-НС» тұрмыстық қалдықтар полигоны МҚК-нда және Қазақстандағы жалғыз қызмет істеудегі ТОО «Алтын-Тет» Астана қаласының қалдықтарды өңдеу зауытына барды.
=====
=======
IMG_1430Барудың негізгі мақсаты – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында студенттерді қалдықтарды қабылдау, сақтау орналастыру, рециклингісін жүргізу, өндеу алдында сұрыптау, өңдеу, кәдеге
жарату, қалдықтарды басқару жүйесінің барлық циклың зерттеу, қалдықтан дайын өнім дайындау, жаңа экологиялық технологиялармен танысу болды.
=====
======
======================================
IMG_1360«Тұран-Астана» Университетінің студенттеріне тұрмыстық қалдық экополигоны мен қалдықтарды өңдеу зауытында экскурсияны «Астана Экополигон-НС» тұрмыстық қалдықтар полигоны МҚК-ның полигон басшысы Қыпшақбаев А.Т, және ТОО «Алтын-Тет» Астана қаласының қалдықтарды өңдеу зауытына құрылтайшысы Зингер Е.М., зауыттың Бас директоры Зингер М.Е. жүргізді.
======
==========
========================================
IMG_1472
Полигонның аймағымен танысу барысында студенттер полигонда жүріп тұру шарттары, полигон аумағының кеңейтілуі, қалдықтан шығатын қауіпті реактивтерді залалсыздандыру, қелетін қалдықтардың құрылымымен
танысты, сол сияқты қазіргі таңдағы қалдықтарды сұрыптау мен өңдеудің өзекті мәселелерімен жан жақты танысты.
=========
==========
=============
IMG_1481Полигонның қызметімен жан жақты танысқаннан кейін студенттер Қазақстандағы жалғыз қызмет істеудегі ТОО «Алтын-Тет» Астана қаласының қалдықтарды өңдеу зауытына барды. ТОО «Алтын-Тет» Астана қаласының қалдықтарды өңдеу зауытына құрылтайшысы Зингер Е.М., зауыттың Бас директоры Зингер М.Е. студенттерді жаңа экологиялық технологиялар мен құрал жабдықтармен таныстырды, әсіресе қағаз өнімдерін, пластик заттарды, полиэтилен заттарын, сол сияқты органикалық заттарды сұрыптау, жинау, компосттілеу, өңдеу, кәдеге жаратудың жапониялық, испандық және неміс технологияларымен жан жақты танысты.

IMG_1488Басқаша айтқанда, «Тұран-Астана» Университетінің студенттері қалдықтардың қалыптасу сәті мен оны полигон аумағына кіргізілуі сәтінен бастап бұл қалдықтарды өңдеу зауытында өңделу мен кәдеге жаратылуының толық циклымен жан-жақты танысты.

Соңында, зауыт директоры Университетке өзінің «Переработка отходов потребления» атты жарыққа шығған кітабын сыйға берді.. Қазіргі таңда, зауыт пен полигон басшылығымен жыл сайын студенттердің экскурсиясын ұйымдастыру, байланыс жүргізу Меморандумын бекіту туралы келісімге келдік.

Comments are closed.