Жастарға экологиялық тәрбие берудің маңызы

IMG_14412016 жылдың 27 сәуірінде студенттік заң клиникасы мен З-301(1), 3-301(2) және Ю-302 топтарының студенттері «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» және «Қазақстан Республикасының жер құқығы» пәндерін оқу танысу аясында «Астана Экополигон-НС» тұрмыстық қалдықтар полигоны МҚК-нда және Қазақстандағы жалғыз қызмет істеудегі ТОО «Алтын-Тет» Астана қаласының қалдықтарды өңдеу зауытына барды.
=====
=======
IMG_1430Барудың негізгі мақсаты – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында студенттерді қалдықтарды қабылдау, сақтау орналастыру, рециклингісін жүргізу, өндеу алдында сұрыптау, өңдеу, кәдеге
жарату, қалдықтарды басқару жүйесінің барлық циклың зерттеу, қалдықтан дайын өнім дайындау, жаңа экологиялық технологиялармен танысу болды.
=====
======
======================================
IMG_1360«Тұран-Астана» Университетінің студенттеріне тұрмыстық қалдық экополигоны мен қалдықтарды өңдеу зауытында экскурсияны «Астана Экополигон-НС» тұрмыстық қалдықтар полигоны МҚК-ның полигон басшысы Қыпшақбаев А.Т, және ТОО «Алтын-Тет» Астана қаласының қалдықтарды өңдеу зауытына құрылтайшысы Зингер Е.М., зауыттың Бас директоры Зингер М.Е. жүргізді.
======
==========
========================================
IMG_1472
Полигонның аймағымен танысу барысында студенттер полигонда жүріп тұру шарттары, полигон аумағының кеңейтілуі, қалдықтан шығатын қауіпті реактивтерді залалсыздандыру, қелетін қалдықтардың құрылымымен
танысты, сол сияқты қазіргі таңдағы қалдықтарды сұрыптау мен өңдеудің өзекті мәселелерімен жан жақты танысты.
=========
==========
=============
IMG_1481Полигонның қызметімен жан жақты танысқаннан кейін студенттер Қазақстандағы жалғыз қызмет істеудегі ТОО «Алтын-Тет» Астана қаласының қалдықтарды өңдеу зауытына барды. ТОО «Алтын-Тет» Астана қаласының қалдықтарды өңдеу зауытына құрылтайшысы Зингер Е.М., зауыттың Бас директоры Зингер М.Е. студенттерді жаңа экологиялық технологиялар мен құрал жабдықтармен таныстырды, әсіресе қағаз өнімдерін, пластик заттарды, полиэтилен заттарын, сол сияқты органикалық заттарды сұрыптау, жинау, компосттілеу, өңдеу, кәдеге жаратудың жапониялық, испандық және неміс технологияларымен жан жақты танысты.

IMG_1488Басқаша айтқанда, «Тұран-Астана» Университетінің студенттері қалдықтардың қалыптасу сәті мен оны полигон аумағына кіргізілуі сәтінен бастап бұл қалдықтарды өңдеу зауытында өңделу мен кәдеге жаратылуының толық циклымен жан-жақты танысты.

Соңында, зауыт директоры Университетке өзінің «Переработка отходов потребления» атты жарыққа шығған кітабын сыйға берді.. Қазіргі таңда, зауыт пен полигон басшылығымен жыл сайын студенттердің экскурсиясын ұйымдастыру, байланыс жүргізу Меморандумын бекіту туралы келісімге келдік.

Дизайн мамындығы бойынша өткізілген олимпиада жүлдегерлері

32015-2016 оқу жылы республикалық студенттік олимпиадасы тәртібіне сәйкес 2016 жылы 7-8 сәуір айында Алматы қ. ҚазақБСҚА маңында 5В042100-Дизайн мамындығы бойынша олимпиада өткізілетін болатын. «Тұран Астана» университеті I жоғары оқу орны ішіндегі кезеңінің келесі жеңімпаз студенттермен ұсынылатын болатын:

– Жумағалиева Зарина Д-101-4 тобы (ЕжКБ негізінде), к/б

– Каукенов Нұрлан Д-402 тобы, к/б.

Ғылыми жетекшісі «Дизайн, Сервис и Туризм» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Умралиева Бэла Илларидановна.

5В042100-Дизайн мамандығы бойынша олимпиада пәндер бойынша сынақ ретінде өткізілетін болатын:

3 курс – Бейінді дизайн элементтерімен үрдістері: «Қиял-ғажайып (фэнтези) мәнеріндегі туындалар кітәптарын қатты мұқабада безендіру үлгілерін әзірлеу» тақырыбына клаузура;

4 курс – Бейінді дизайн нысандарын жобалау: «Азық-түлік шығаратын кәсіпорын үшін фирмалық стиль элементтерімен логотип үлгілерін әзірлеу» тақырыбына клаузура.

Клаузура еркін техникада, 4 сағат ішінде А1 пішінінде орындалу тиіс.

5В042100-Дизайн мамындығы бойынша республикалық олимпиадасында Қазақстан Республикасынан 15 ЖОО-нан 60 студенттері атсалысты. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Қиял-ғажайып (фэнтези) мәнеріндегі туындалар кітәптарын қатты мұқабада безендіру үлгілерін әзірлеу» тақырыбына клаузурасы үшін Д-101-4 тобы (ЕжКБ негізінде), Жумағалиева Зарина ІІІ орын алды.

1 ҚазақБСҚА-сы оқу залы қысқы бағындағы республикалык олимпиадысының қатысушылары

====

=====

=====

======
+==================================
2Жумағалиева Зарина студенті және Умралиева Б.И. ғылыми жетекшісінің III дәрежедегі дипломымен марапаттауы

«Еуразиялық білім кеңістігіндегі көркемөнер білімі және эстетикалық тәрбие» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция

банер 2016 жылы 15 сәуірде «Тұран-Астана» университетінде «Еуразиялық білім кеңістігіндегі көркемөнер білімі және эстетикалық тәрбие» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті. Конференцияда Қазақстанның және Ресейдің алдыңғы қатарлы ЖОО-ның атақты және жетекші ғалымдары атсалысты. Конференция жұмысына – педагогтар, ғалымдар, аспиранттар, магистранттар, докторанттар және ізденушілер шақырылды. Конференцияның толық мәжілісінде іс тәртібінде: «Тұран-Астана» университетінің ректоры, э.ғ.к., профессор Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова; «Тұран-Астана» университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.д. Темірхан Әнапияұлы Толқынбаев; РФ-ның ММПУ маңындағы ОӘК (оқу-әдістемелік комитетінің) төрағасы, ММПУ маңындағы Диссертациялық кеңесінің төрағасы, ММПУ-нің «Көркем сурет» кафедрасы меңгерушісі, РБА-мен РКөА-ның академигі, РБА-ның академик-хатшысы, п.ғ.д., профессор Станислав Петрович Ломов, Мәскеу қаласы, РФ; «Ақпараттық технологиялар және сервис» факультетінің деканы, э.ғ.к. Бауыржан Мұратбекұлы Искаков; «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Қазақстан және Ресей суретшілерінің одағының мүшесі Аманжолов Сейітқали Әбдіқадырұлы; атақты Кеңес одағының психологыңың Е.И.Игнатьевтің ұлы, ММПУ-нің КөГФ (көркемөнер-графикалық факультеті) «Әдістеме» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Сергей Евгеньевич Игнатьев, Мәскеу; РБА академигі, Омбы мемлекеттік университеті Өнер институтының директоры, п.ғ.д., профессор Леонид Георгиевич Медведев, Омбы қаласы; ММПУ-нің Өнер институтының директоры, мәдениеттану докторы Гузалия Ильгизовна Фазылзянова, Мәскеу; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Инженерлік графика және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Байдабеков Ауез Кеңесбекович, Астана, Қазақстан; ХӨЖМ (халық өнерінің жоғары мектебі)-нің Омбыдағы өкілдігінің директоры, п.ғ.д., профессор Кайыртай Жакупович Амиргазин, Омбы; М.Ауезов атындағы ОҚМУ-нің проректоры, профессор Садибек Калмаханович Бейсенбаев, Шымкент, Қазақстан; ММПУ-нің КөГФ (көркемөнер-графикалық факультеті) «Сурет» кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Рауф Чинчорович Барциц, Мәскеу; ММОУ-нің «Бейнелеу өнері және халық қолөнері» факультеті деканы, п.ғ.к., профессор Павел Дмитриевич Чистов, Мәскеу; ОҚМПИ-нің ғылым бойынша проректоры, п.ғ.д., профессор Медеубек Жуматаевич Танирбергенов, Шымкент; көркем-педагогикалық білімі саласындағы атақты ғалым, РФ-ның жоғары білімінің еңбегі сіңген қайраткері, И.С.Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д., профессор Анатолий Семенович Хворостов және  жетекші дизайнер-маман п.ғ.д., профессор Дмитрий Анатольевич Хворостов Орел қаласы, Ресей, ғалымдары сөз сөйледі.

Онлайн-конференцияның барлық қатысушылары осындай іс шаралардың жиі өткізуінің маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға көмекпен ынтымақтастық үшін өз алғысын айтты. Жұмыс барысында бірлесе отыра өзекті мәселерден шығу жолдары шығарылуынан соң конференцияның нәтижесінде қарар қабылданды, және ғылыми жинағы шығатыны айтылды.

Модератор: «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Қазақстан және Ресей суретшілерінің одағының мүшесі Аманжолов Сейітқали Әбдіқадырұлы

«Девальвация. Дедоллоризация» және студенттердің жұмыстарының көрме-конкурсы

банер

«Қаржы және менеджмент» кафедрасында ғылыми апталық аясында 2016 жылдың 12 сәуірінде  бір уақытта «Девальвация. Дедолларизация» тақырыбында ғылыми семинар мен студенттердің шығармашылық және ғылыми жұмыстарының көрме-конкурсы өтті.  Семинарға «Қаржы» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері қатысты. Смагулова Айша мен Сәрсен Құрманай- «Қазақстандағы инфляциялық үдерістер», Туземов Дамир – «Экономиканың дедолларизациясы», Вальчук Юлия – «Инфляциялық таргеттеу: әлемдік тәжірибе», Ершина Айсулу – «Қазақстан Республикасында инфляциялық таргеттеу», Ахмедиева Айжан және Сүйінішова Еркемай – «Теңгенің құнсыздануы» атты ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Мемлекетте дағдарыс деңгейін қадағалау мақсатында дағдарыс  пен оның алдын-алу жағдайында мемлекеттік билік қабылдаған Қазақстан Республикасының ақша- несиелік саясатын өткізуге қатысты семинар барысында бірнеше мәселелер қарастырылды.

Семинар белсенді диалог түрінде өтті. Семинарға қатысушылардың пікірі бойынша осы сияқты шараларға қатысу тәжірибесі студенттер үшін жеке, кафедра және университеттің ғылыми өмірінің дамуына қажет.

“Жастар жалыны – 2016” жүлдегерлері

IMG_0944

2016 жылғы 8 сәуірден 12 сәуірге дейін Астана қаласында «Жастар жалыны – 2016» фестивалі өтті.

Біздің университеттің студенттері «Үздік студенттік клуб» және «Үздік жанкүйкерлер конкурсы» атты екі номинацияда 1-ші және 3-ші орын алып, табысқа қол жеткізді.

IMG_0945«Үздік студенттік клуб» номинациясында балалар университеттің студенттік театрын көрсетті. Театрдың тұсаукесерін екінші курс студенттері Болатова Мадина (ҚТӘ-201) және Сүлейменов Алмас (МЖБ-201) көрсетті. Жюриге театрдың актерлері, театрдың құрылу тарихы, оның репертуары, сахнада сөйлеу тарихы және болашақта әрі қарай дамуы туралы айтты.

======\==

======

=======

======

=====
===========================
IMG_0929«Үздік жанкүйкерлер конкурсы» номинациясында біздің студенттер ЖІК төрағасы Хамитов Сапардың басқаруымен өз университеті үшін қалай жанкүйер болу керектігін көрсетті. Речевка, шу әсері, ду қол шапалақтап университет атынан конкурс қатысушыларына моральды және жауынгерлік рух беріп қолдады.

Қазақстанның заңгерлер Одағының атқарушы директорымен кездесу

IMG_09732016 жылдың 15 сәуірінде студенттік заң клиникасы мен Университеттің Гуманитарлық заң факультеті деканатының бастамалары бойынша Қазақстанның заңгерлер Одағының атқарушы директоры, еңбек сіңірген заңгер, отставкадағы судъя Құрманова Дариға Құрманқызының факультеттің оқытушылық құрамы мен студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Құрманова, факультеттің оқытушылық құрамы мен студенттерге Одақтың қызметі, заңжобалық қызметі, Одақтың енгізген ұсыныстары мен қоғамдық жұмыстың нәтижелерімен таныстырды. Соның ішінде Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық кодексі, Кәсіпкерлік кодекс сияқты Одақтың тікелей қатысуымен әзірленген және дайындалған заңи актілерді дайындау және қабылдаудың өзекті мәселелеріне тоқталып кетті.

IMG_0982Әсіресе, Одақ өкілі кездесуге қатысқандарды Одақтың ұсынған жобаларымен, соның ішінде халыққа құқықтық қызмет көрсету, Одақтың Халықаралық заңгерлер Одағымен байланысы, студенттер, магистранттар және докторанттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсымен таныстырды.

Сонымен қатар, Одақ төрайымы, ұйымның Астана қаласы халықаралық қаржы орталығымен Халықаралық қаржы сотын құру және сотқа білікті әрі тәжірибелі мамандарды жинақтауға байланысты қарым қатынастарды орнатылып жатқандығын тие кетті. Сол сияқты, Құрманова заң кәсіби мамандығының сапасын арттыру, заң саласындағы кәсіби білімнің денгейін көтеру мәселелеріне тоқтады. Әсіресе, жұмыспен қамтылған заңгерлердің статистикалық көрсеткіштерін келтіре отырып, Одақ төрайымы заңгерлерді жұмыспен қамту саласындағы өзекті әрі көкейкесті мәселелер бойынша өзінің ойымен бөлісті.

IMG_0990Университет мұғалімдері мен студент қауымымен кездесу соңында Одақ төрайымына бірқатар сауалдар қойылған. Соның ішінде, студенттердің мемлекеттік органдарда тәжірибе өтуге қатысты, профессорлық мұғалімдік құрамды заң жобалық жұмыстарға араластыру, студенттердің халықаралық ғылыми жобаларға қатыстыру, Одаққа мүшелікке кіру сияқты сұрақтар қойылды.

“Тұран-Астана” университетінде ғылым апталығы өтті

IMG_0867 Университет бойынша ғылым апталығын өткізу аясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлаған. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Түркі әлемін танытудың аспектілері» атты семинар-конференциясын өткізді. Аталмыш шараға Астана қаласының № 51, 41 мектептерінің оқушылары мен «Лингва» колледжінің студенттері қатысты. Конференция жұмысына университетіміздің 1, 2, 3 курс студенттері баяндамалар дайындап, ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында IMG_0899ғылымды насихаттай отырып, ғылым мен білімге деген құштарлықтарын арттыру. Семинар-конференцияда түркітанудың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Гранит науки – 5» халықаралық конкурсының үздік ғылыми жоба номинациясы бойынша жүлделі орын алған қазақ тілі және әдебиеті мамандығының магистранттары мен студенттерін марапттау рәсімі өтті. Келесі магистранттар мен студенттерге диплом және медаль берілді: Ұ.Абжалова, А.Абуева, И.Багелдина, Ж.Қаливеа (МҚТӘ 1-2 курс), Н.Талипова, А.Мойнақова, Ж.Батырхан, Б.Сапаралы (ҚТӘ-201).
Жауапты ұйымдастырушы: фил.ғ.к., доцент Искакова Ж.М.

IMG_0955 «Тұран-Астана» университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 15-сәуір күні «Шет тілін интернет ресурстары арқылы үйрену» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты заманауи технологияларды пайдаланы отырып шет тілдерін үйрену болып табылады. Семинарда студенттер заманауи мобильді қосымшалар арқылы ағылшын және шет тілдерін тиімді үйренуге болатындықтарын айтты. Сонымен қатар, «Аударма ісінің» 3 курс студенті С.Жансейіт өзінің «Work and Travel» бағдарламасы бойынша тәжірибесімен бөлісті. Жас полиглоттар төмендегі тиімді мобильді қосымшаларды қолданған: “Lingualeo”, “Busuu”, “Duolingo”, “Hello Talk” және “Kakao talk”.

Жауаптылар: аға оқытушылар Юсбекова Н.Н. және Демесинова Л.М., преподаватель, оқытушы Иманбаева Ж.К.

IMG_0969


Халықаралық ғарышкерлік және авиация күні

IMG_0616 «Тұран-Астана» университеті ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен бірлесе отырып, 11-сәуір күні Халықаралық ғарышкерлік және авиация күніне орай Кеңес Одағының Батыры, ҚР Халық Қаһарманы, ұшқыш-сынақшы, ғарышкер-зерттеуші, генерал-майор, техника ғылымдарының докторы, «Тұран-Астана» университетінің профессоры
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровке арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік іс-шараның қонақтары: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қатары, ҚР ІІМ Ұлттық Гвардиасы, С.К. IMG_0568Нұрмағанбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебі тәрбиеленушілері, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты өкілдері, әскери-патриоттық клубтар мен Астана қаласы оқу орындарының әскери кафедралары, сондай-ақ мектеп оқушылары.

Іс-шараның негізгі мақсаты ғарышкерлік ғылымның және ғарыш саласындағы инновацияны оқуға деген қызығушылығын, патриоттық рух пен жастардың мақсаттылығын арттыру, халық қаһарманының ерлігін үлгі ете отырып өскелең ұрпақты тәрбиелеу болды.

«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының ғылыми-әдістемелік, шығармашылық жетістіктерінің көрмесі

IMG_0808 Көрменің салтанатты ашылуында: «Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор Г.Ә.Жапарова, «Тұран-Астана» университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Т.Ә.Толқынбаев, «Ақпараттық технологиялар және сервис» факультетінің деканы, э.ғ.к. Б.М.Искаков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Инженерлік графика және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д.,профессор Байдабеков А.К., Астана қаласы Суретшілер Одағының төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері, Тоқтар Ермек, Астана қаласы Оқушылар Сарайының Халықаралық Бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Досмағанбетов Ералы, Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор, ҚР және Ресей Суретшілер одағының мүшесі С.Ә.Аманжолов құттықтау сөз сөйледі, көрменің ашылуына мектеп оқушылары, университет профессор оқытушылары, магистранттар мен студенттер шақырылды.
(more…)

“Тұран-Астана” университетінде болашақ мамандықпен танысу күні өтті

IMG_0470

2016 жылы 9 сәуірде “Тұран-Астана” универитеті Астана қ. мектептерінің бітірушілерін қуана қарсы алды. Жоғары сынып оқушылары, ана-аналар, мектеп ұстаздары «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының жұмыс тобымен танысты. Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамымен жүздесіп, осы мамандық бойынша нақты тереңдетіп мағұлматтар алды.

Құттықтау алғы сөзді «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., профессор Барсукова Р.А. алды. «Заңтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтарының ерекшеліктері жайында з.ғ.к., доцент Егизбаев Н.У., магистр, аға оқытушылар Есенбекова Г.Б., Атамбаев К.Д. және заң клиникасының меңгерушісі Базарбек Б.Ж. баяндап берді.

IMG_0437Талапкерлерге қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша қылмыстық сот процессінен үзінді және бұған ерекше зер қойылды. Мектеп бітірушілері криминалистикалық полигонды, сот мәжілісі залын, заң клиникасын және т.б. аралап көрді. Жоғары сынып оқушылары, ана-аналар, мектеп ұстаздары ЖОО түсу ережелері және біздің университетте оқу мүмкіндіктері жайында, сондай-ақ бакалавриат, магистратурада оқу бағдарламасы туралы айтылды.

<<...89101112...>>