(Русский) Когда мирные жители засыпают… мафия начинает свою игру…

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

(Русский) Путевка в полуфинал высшей лиги КВН

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары

5 сәуір 2017 жылы «Тұран-Астана» университетінде «Қазақстан
Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары»
атты тақырыпқа дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға көрнекті заңгер-
ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты – з.ғ.д., профессор
А.Д.Жусупов, з.ғ.д., профессор Ж.Д.Бұсұрманов, з.ғ.д., профессор
М.С.Башимов және мемлекеттік-құқықтық, сондай-ақ қылмыстық-
құқықтық пәндер кафедраларының профессорлық-оқытушылық
құрамы, магистранттар, студенттер, Астана қаласының колледждері
мен орта мектептерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек столдың ашылуында «Тұран-Астана» Университетінің  ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі
проректоры, т.ғ.д., профессор Т.А.Толқынбаев сөз сөйледі.

Дөңгелек стол модераторы з.ғ.д., профессор А.С.Сман болды. Жұмыс шеңберінде келесі баяндамалар жасалды:
з.ғ.д., профессор Бусурманов Ж.Д. «Азаматтардың құқықтыры мен бостандықтары мәселелері туралы жана қөзқарас»;
з.ғ.д., профессор А.С.Сман «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары-мемлекеттің жоғарғы құндылығы» атты
тақырыпқа; з.ғ.д., профессор М.С.Башимов «Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыру» атты тақырыпқа; з.ғ.д., профессор А.Д.Жусупов «Күшті мемлекет қалыптасу кезіндегі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» атты тақырыпқа; ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы Г.М.Ажгулова
«Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің модернизациясы мен Президент: 2017 ж.» атты тақырыпқа; «Қарулы
күштер ардагерлерінің Фонды» қоғамдық фондтың президенті С.З.Бегижанов «ҚР Президентінің адам құқықтарын қорғау
бойынша конституциялық-құқықтық өкілеттіктері» атты тақырып және т.б.

Пікірталасқа шақырылған қонақтар, магистранттар, студенттер, Астана
қаласының колледждері мен орта мектептерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек стол жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы
жетістіктерді ескере отырып, соның ішінде халықаралық-құқықтық құжаттардың
талаптарын орындау, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
халықаралық стандарттармен сәйкестендіруді сезіне отырып, келесі ұсыныстарды
қабылдау:

  • университет өкілдерінің, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өз құзыреттіктері мен
    өкілеттіктері шеңберіндегі адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары аясында жасалған жұмыстарды
    ескеріп ақпаратты ескеру;
  • адам құқықтары жөнінде БҰҰ Халықаралық Конвенциясының ұсыныстарын орындау, адам құқықтары жөнінде
    Халықаралық Пакт ұсыныстарын орындау, факультативті хаттамаларды және оның қағидаларын және ережелерін
    ұстану және бүкіл мемлекетке тарату, ЖОО, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да қызығушылық танытқан
    тараптармен тығыз жұмыс істеуді жалғастыру;
  • орта, арнайы-орта, жоғарғы және жоғарғы оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде адам және азамат құқықтары
    мен бостандықтары аясындағы халықаралық-құқықтық құжаттар идеяларын тарату жұмыстарын жалғастыру.

(Русский) Лучшие на фестивале «Жайдарман-2017»

zLWHZWNRwkc1 сәуір күні Астана концерт залында ЖОО мен колледждердің
арасында  «Жайдарман – 2017» атты фестиваль өтті. Бұл сайысқа
Астана қаласы мен Қорғалжын ауылынан 18 топ қатысты. Кейбір
астаналық жоғары оқу орындарының атынан бірнеше команда өнер
көрсетті. Біздің университетіміздің атынан «Тұран-Жастары» сахнаға
шықты. Табан тірескен күресте командамыздың жігіттері ең жоғары
ұпай жинап, 1-ші орынға ие болып, «Жайдарман – 2017» фестивалінің
үздік командасы атанды.
Жарайсыңдар, Тұран-Жастары!
=====
====
Безымянный

(Русский) Бизнес-тренинг для резидентов “StartupUniver”

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

«Мектеп математикасының қолданбалы ғылымдағы болашағы»

IMG_690329.03.2017 ж. «Тұран-Астана» университетінің «Ақпараттық технологиялар»
кафедрасының ұйымдасмтыруымен «Мектеп математикасының қолданбалы
ғылымдағы болашағы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді «Тұран-Астана»  университетінің ғылыми жұмыстар және
халықаралық байланыстар жөніндегі  проректоры, т.ғ.д., профессор Т.Ә.Толқынбаев  кіріспе  сөз  сөйлеп  ашты.

====
=====
IMG_6927Дөңгелек үстелге  Астана қаласының жоғары оқу орындарынан белгілі әдіскер-
ғалымдары: ф-м.ғ.к., доцент Ташатов Н. Н.(Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), ф-м.ғ.к.,
доцент Сергибаев  Р. А. (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), ф-м.ғ.к., доцент
Жантилесов Ж.Х. (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті),
Канапьянова Г. И. (Білім беру Басқармасының  методисті), Брусевич Т.А.( №28
мектеп директоры)  және Астана қаласының   мектептері мен колледждерінің
тәжірибелі оқытушылары,  әдіскер-мамандары және магистранттар қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы – аға оқытушы Сулейменов Кенесары Машимович.

=====
IMG_6914Аталған іс-шарада Білі беру Басқармасының методисті Г.И. Канапьянова «Білім
алушыларды қорытынды аттестацияға  дайындау бойынша математика
мұғалімдерінің жұмыс  жүйесі»,   ф-м.ғ.к., доцент Н. Н. Ташатов «Криптографияда
сандық сигналдарды өңдеу қосымшаларын қолдану», ф-м.ғ.к., доцент  Р. А. Сергибаев
«Базистегі ортогонализациялық процесстер және ортогональдық базисте вектордың
жіктелуі», аға оқытушы  К.М. Сулейменов «Ортогональдық  функциялардың жүйесі
және олардың сандық сигналдарды өңдеудегі қосымшалары», магистр, аға оқытушы
Б.К. Жармакин «Электрондық технологияларда сандық сигналдардың өңделуі»,
магистр, аға оқытушы А.К. Есентемирова «Мектеп математикасында векторларды
зерттеу ерекшеліктері»,  магистр, аға оқытушы А.З. Абдрахманова «Сигналдарды сандық өңдеуде қолдану жолдары», оқытушы
Г.Ж. Торгаева «Мектеп математикасында ақпараттық технологияларды қолдану», математика мұғалімі А.Б. Сыздыкова «Мектеп математикасындағы функция», математика мұғалімі  Г.С.Касымова «Жиындар және оларға қолданылатын амалдар» тақырыптары
бойынша баяндамалар жасалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенді түрде мектеп математикасында векторларды зерттеудегі білім берудің өзекті
мәселерін  және   функцияда вектордың скаляр көбейтіндісін жалпылау,  сандық сиганлдарды  өңдеуде векторларды
функцияның ортогональді жүйесінде  қолдануды дамытудың тәсілдері талқыланды

          Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша төмендегі ұсыныстар әзірленіп, қабылданды:

  • Астана қаласының мектеп мұғалімдерімен және оқушыларымен бірлесе отырып үшөлшемді кеңістікте базистің
    ортогонизациялауын зерттеу;
  • Астана қаласының мектеп мұғалімдерімен және оқушыларымен бірлесе отырып функциялардың қарапайым
    ортогональдық жүйелерін зерттеу.
  • «LabView» бағдарламалық комплексі бойынша семинарлар өткізу
  • «LabView» бағдарламалық комплексі бойынша Астана қаласының мектеп мұғалімдеріне және оқушыларына
    мастер класстар өткізу.

(Русский) В процессе развития коммуникативных функций и критического мышления

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

Қоғам қайраткері С.Сейфуллин есімі ел есінде

DSC0013024 ақпан «Тұран-Астана» университетінің Гуманитарлықзаң факультеті
Психология және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер  кафедрасының
оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі  Әдемі Жеңісханқызы Құрманованың ұйымдастыруымен «Қоғам қайраткері С.Сейфуллин есімі ел есінде»
атты ақынның шығармашылығы, қоғамдық қызметі, ғұмырнамасымен танысу
мақсатында ғылыми-зерттеушілік бағытта, сабақтан тыс  мәдени-серуен өтті.
Іс-шараға С.Сейфуллин мұражайының қызметкерлері мен «Тұран- Астана»
университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ғылыми-зерттеушілік,  сабақтан тыс іс-шараның өткізілу мақсаты бүгінгі өскелең ұрпақтың есінде әдебиет майдангері,
көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткері  ақын, жазушы, публицист  С.Сейфуллин есімін мәңгі есте қалдыру;

-Еліміздің елордасы Астанада үстіміздегі жылы  EXPO-2017 көрмесіне алыс-жақын шетелдерден қонақ күтіп отырғанымыз
бесенеден белгілі, осы мезетте өлкеміздің біртуар азаматы С.Сейфуллин есімін, мұражайды қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде таныстыра білу;

-Студенттердің бойында ғылыми-зерттеушілік дағды қалыптастыра отырып, өлкеміздің жарқын есімдерін мақтан тұту,
есте ұстау, исі қазақ үшін жасаған орасан еңбектерін бағалай білу;

-Біртуар қазақ азаматтарының ісін жалғастырушы болуға баулу, патриоттық, елсүйгіштік қасиеттерге, ізгілікке тәрбиелеу
болып табылады.

Ғылыми-зерттеушілік бөлімде мұражайдың «Бұхаралық-экскурсия бөлімінің меңгерушісі
Ілияс Рысбекұлы Құлманғалиев С.Сейфуллиннің шығармаларына тоқталып өтті.

Untitled-2

«Тұран-Астана» университетіне Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша
келген ЕИАГИ студенті  Тамила Шиабеден баяндамасын орыс тілінде оқып,
Сәкеннің шығармаларын орыс замандас ақындардың шығармаларымен шебер
байланыстырды.

===

====
=====

DSC00203Гренадалық  «Тұран-Астана» университетінің студенті Толулопе Рэндлдың
баяндамасы ағылшын тілінде тыңдалды. Әдебиет майдангері Сәкен тұлғасын
танып-білгенде өз елінің ұлт азаттығы үшін күрескен тұлғалар есіне келетінін
айтып өтті.

===

====
===
Untitled-1Студенттер арасында  «Мұражай квест» ойыны ұйымдастырылды.
Студенттер берілген тапсырмаларды қызыға орындады.

Мұражай директоры белгілі ақын Несіпбек Тұрсынбекұлы Айт мырза
бастатқан мұражай қызметкерлеріне іс-шараның өтуіне атсалысқаны
үшін алғысымыз шексіз.

====

1

Біздің команда жоғары лиганың келесі турына өтті

McoUd9cwAYU

14 наурыз күні  “Астана” концерт залында КТК (Жайдарман) жоғары лигасының кезекті
ойыны өтіп, Семей, Маңғыстау, Алматы, Шымкент, Астана қалаларынан 5 команда
қатысты. Астана қаласының атынан біздің университеттің командасы  шықты. Табан
тірескен күресте үлкен шеберлікпен ойын көрсеткен біздің команда жоғары  ұпай  жинап,
Шымкенттен келген «Байдың балалары» командасын тек бірнеше ондық ұпаймен
алға шығарды. Осы жеңістің арқасында біздің команда жоғары лиганың келесі турына өтті.

«Қош келдің, әз Наурыз!»

IMG_674817 наурыз күні “Тұран-Астана” университетінің “Болашақ”
студенттік театры   университеттің акт залында наурыз
мерекесіне арналған “Қош келдің, әз Наурыз!” атты
спектакль өткізді. Наурыз мерекесіне арналған қойылым
көрермендердің үлкен  қызығушылығын туғызды.

===

====
====
IMG_6722Қойылымның сюжеттік желісі көпшілікке мерекелік көңіл-күй
сыйлады. Сценарий бойынша ауылға шетелден келген турист
қонақ  қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениетімен танысуды
жөн көреді.

===

===

===
IMG_6734Ол ауылдың тұрмыс- тіршілігіне қызығып, тандана танысады.
Сол уақытта көрші ауылдан қонақтар келеді, келген қонақтарды
ауыл тұрғындары  мейіріммен құшақ ашып, жылы қарсы алады.

==

===

===
+=====
IMG_6790Спектакль барысында қазақ халықының  мерекелік тағамы
Наурыз-көженің дайындалу құпиялары айтылады.
Спектакль ауыл ақсақалдарының берген тілектері
мен ақ баталарымен аяқталады.

12345...10...>>