Триумфальный матч команды «Туран-Астана»

Предпоследнюю в этом туре игру можно по праву назвать триумфальной – это,
несомненно, был один из самых запоминающихся матчей осенних игр НСЛ
в столице. Напряжённая игра закончилась в пользу команды “Туран-Астана” со
счётом 6:0.  Ребята показали отличный результат, наши футболисты не оставили
ни единого шанса своим соперникам, забросив 6 мячей в ворота противников – по
три в каждом тайме. Эта победа стала для столичных “Турановцев” третьей подряд,
и надеемся, что победная эстафета нашей команды найдет свое продолжение и в финале.
А впереди нас ждет решающий тур – по результатам предстоящей игры будет объявлена
команда счастливчиков, которая получит путевку в финал.

С деталями матча можно ознакомиться на сайте Национальной студенческой лиги:
http://studliga.kz/ru/post/view?id=200

(Русский) Поздравляем команду КВН университета «Туран-Астана»

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

(Русский) Урок мужества с профессором Токтаром Аубакировым

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

(Русский) Концерт, посвященный Дню учителя

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

Бекболат Тілеухан «Тұран-Астана» университеті студенттерімен кездесті

«Тұран-Астана» университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына
арналған арнайы кеште мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның
еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері
қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан студент жастармен кездесті.

Кездесуге «Тұран-Астана» университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттермен қатар басқа
да жоғары оқу орындарының студент жастары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – рухы мықты жастардың, елімізді дамытуға және гүлдендіруге өз үлесін
қосуға дайын, жауапкершілігі мол азаматтарды тәрбиелеу. Патриотизмнің негізін қалаушы осы құндылықтар
рухында жастарды өсіру әрқашан Қазақстанның сәтті дамуы мен гүлденуінің кепілі болуына жағдай жасау
болып табылады.

IMG_7448

Жүргізушінің «Қазақ хандығының қалыптасуының басты себебі неде» деген сұрағына
Бекболат ағамыз – «Тарихқа үңілсек, арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы
сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің
құрылғанына 550 жылдан асты. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ, Кирдің басын алған Томирис
ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс,
үнді жеріне иелік еткен Бабыр, жер шарының жартысын жаулаған Шыңғыс хан, қазақтың хандары
Абылай, Кенесары есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары» –
деп тұщымды жауап берді.

IMG_7488

Аталмыш іс-шарада кеш қонағы мен студенттер арасында еркін форматта диалог құрылды.
Б.Тілеухан залда отырған жастарға өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып тәрбиелік мәні
бар мысалдар келтіріп «Егемендік», «Отбасы», «Тәрбие» құндылықтарын насихаттады.
Студент жастардың сұрақтарына мысалдар арқылы жауап қайырып отырған кеш қонағы
бір сөзінде «Егіннің дәнін себуге қолайлы көктемнің аз ғана шуақты күндері болады. Сол
сәтте адам баласы жердің топырағын жаңартып,  дәнін сеуіп, сол дәнін күтіп, баптап, өнім
алып, қыс бойына жететін азығын жинап алуға жұмыстанады. Сол секілді адамның жастық
кезеңі – жан-жақты ізденіп, білмегенін үйреніп, білімін байытып, өзінің теориялық білімін
дамытып алатын сәті. Дәл осы кезең сіздердің білім алып жатқан шақтарыңыз. Осы бір қабілетті,
қайратты, жігерлі кездеріңді жақсы істерге, жан-жақты білімді, саналы болуға,  ата-ана алдындағы
жауапкершіліктеріңді сезінуге жұмыстаныңдар жастар»-деді.

IMG_7503

«Ұлттық патриотизмнің идеясы қандай болмақ» – деген көрерменнің сұрағына – «Ең алдымен
елге және оның игіліктеріне деген мақтаныштарын ояту».  Қазақ ұлтының ұлтжанды ұрпағы
ең алдымен қазақ болуы тиіс. Қазақ ұлты – Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы мәртебелі
ұлт. Қалған ұлттар диаспора. Қазақ ұлты басқа ұлттардың дамуы мен тілін, дінін, салт-дәстүр,
әдет-ғұрпын сақтауға кедергі келтірмейді. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ ұлтының тілі мен дінін,
салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын сыйлауын, құрметтеуін талап етеді» – деп өз ойын
түйіндеді.

Кеш арасында Бекболат аға студенттердің өтінішімен Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп»
жырын орындап берді.

IMG_7516

Сонымен қатар Бекболат аға «Қазақ елінің ынтымақтастыққа келгенде болаттай берік болуы,
Елбасымыз таңдаған  жолда татулығымыздың туы биік болуы, елін сүйген Президентімізге
қолдау көрсету  дәл қазіргі сәттегі әрбір жастың игі ісі, қасиетті борышы екенін» – қадап айтты.

Жалпы бұл кеште айтылмаған әңгіме қалмады. Шынайы сыр бөлісудің арқасында студент
жастардың сұрақтарында да шек болмады. Б.Тілеуханның қазіргі уақытта атқарып жүрген шаруалары,
қоғамдық істеріне, ұлт мүддесі, қазақ мәдениеті, ұлттық спортқа және бүгінгі саяси, әлеуметтік,
экономикалық мәселелер бәрі-бәрі жастардың толғандырып жүрген мәселелер болып шықты.
Кезекпен тұрып сұрақ қойған жастарға ағамыз сабырлықпен, өнегелілікпен жауаптар қайырып
отырды.

IMG_7535

Кеш соңында Университетіміздің ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова Бекболат Тілеуханға
студенттермен өткізген салиқалы кеші үшін ризашылығын білдіріп, қазақтың жолымен иығына
шапан жапты.

Бекболат ағамыздың «Елім менің» әнімен қазақы рухынан нәр беріп, ұрпақты ұлтсүйгіш ұлан етіп
тәрбиелеуді мықтап қолға алу керектігін ұқтыруды мақсат тұтқан кеш мәреге жетті.

Искаков Б.М

Бүкіләлемдік туризм күнін мерекелеу

2015 жылдың қыркүйек айының 30-шы жұлдызы күні «Тұран-Астана»
университетінде Бүкіләлемдік туризм күніне арналған іс-шара атап өтілді.

«Мен – саяхатшымын» тақырыбында кескіндеме байқауы өткізілді, байқауға «Дизайн» мамандығының
1-4 курс студенттері қатысты. Қазылар алқасы студенттердің жұмысын мұқият қарап шықты. Қазылар
алқасының құрамында т.ғ.к., доцент Балтабаев М.С. және аға оқытушы Байтышев Г.А. бар. Бірінші орынды
Д – 202 тобының екінші курс студенті Анафина Аида иеленсе, сондай-ақ екінші және үшінші орындарды
осы топтың студенттері Айтбаева Г. және Ганжуева Д. өзара бөлісті. Байқауды ұйымдастырушы «Дизайн»
мамандығының оқытушысы Рахымжанова А.К. сөз сөйлеп, сөз барысында өз студенттеріне алдағы уақытта
тек жеңістерден көріне беруге тілектес екенін жеткізді.

IMG_7554

Университеттің №2 оқу ғимаратының алдында «Жас турист» атты туристік ойындардан байқау өтті. Байқауды ұйымдастырушылар «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары Байзакова А.С. және Куттымуратов М.У. болды. Байқауға «Туризм» мамандығының 1-4 курс студенттері белсенді қатысты . Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру: топтар өздерінің атын, ұраны мен бірыңғай нысандағы формаларымен таныстыру;
  2. Тар жолы: топтың бір өкілі тар жолмен топтағы барлық қатысушыларды арқаға салып тасиды;
  3. Шатыр: барынша жылдам шатырды тұрғызып қайта орнына жинау қажет;
  4. Рюкзак: рюкзактағы заттарды тез және дұрыс жинап арқаға асу қажет;
  5. Тораптар мен белгілер: тораптарды дұрыс байлау және көрсетілген белгілерге туристік таңбаларды белгілеу;
  6. Байлау: жылдам уақыт аралығында адамның үстіне таңу ;
  7. Жұмбақтар: туризмге қатысты жұмбақтар шешу.

IMG_7736

Байқауға қатысушылар өте белсенді және олардың техникалық тұрғыда бір-біріне бәсекелес екендерін
көрсетті. Барлық тапсырмаларды орындау үшін студенттердің мүмкіндіктері зор болды. Әр бір топтарға
жанкүйерлер жақсы қолдау көрсетіп отырды. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша 1-ші орынды
«Барыс» тобы жеңіп өте жақсы нәтиже көрсетті.  2-ші орынды «КазГор» тобы жеңіа алса, ал 3- ші орынды
«Жеңіс» және «Цунами» топтары өзара бөлісіп алды.  Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшесі
«Ақпараттық технология және сервис» факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Исабеков Серик Бидахметович
құттықтап, оларға мадақтамалар мен сыйлықтар тапсырды. Және барлық қатысушыларды мерекелерімен
құттықтап сөз барысында осындай мерекелерді, іс-шараларды атап өту керектігіне тоқталып кетті.
Мереке соңы іс-шараға қатысушы барлық топтармен естелік суретке түсумен аяқталды.

IMG_7788

Бүкіләлемдік туризм күні мерекесінің соңы «Халықаралық тәжірибе және ішкі туризмді дамыту
инновациясы» атты тақырыбында дөңгелек үстелмен аяқталды. Өз кезегінде сөз алған «Ақпараттық
технология және сервис» факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Исабеков Серик Бидахметович баяндама оқыды.

Ары қарай өз баяндамаларымен магистрант Галиакбаров Е.Э., 4 курс студенттері Каримова А.,  Шаймұрат С.,
және 3 курс студенті Ниязбек Б. жалғастырды. Дөңгелек стол барысында қатысушылар қазіргі таңдағы ішкі және
сыртқы белсенді туризмнің негізгі мәселелерін талқылады. Сондай –ақ,  халықаралық тәжірибедегі туризмде
кайтинг қаралады, анимациялық туризм және инновациялық әдістер Қазақстанның ішкі туризмін дамыту үшін
қолдануға болатыны жайында сөз қозғады. Қазақстанның Туристік Қауымдастығынан қонақ ретінде шақырылған
Айгерим Ериковна барлық туризм саласында болып жатқан өзгерістер, жетістіктермен сол сияқты алдағы
мақсаттармен танысты.

Жиын соңында сөз алған дөңгелек столдың модераторы, ұйымдастырушысы  «Туризм және сервис»
кафедрасының аға оқытушысы Сальменова С.К. барлық қатысушыларды кәсіби төл мерекелерімен шын
жүректен құттықтап, алдағы уақытта Қазақстанның туризм саласы өркендей берсін!-деп, тілек айтып қорытындылады.

«Скажи: Да – здоровому образу жизни!»

5 сентября 2015 года студенты факультета информационных технологий
и сервиса участвовали в массовом забеге студентов по республиканской
широкомасштабной акции «Фестиваль здоровья – 2015» под лозунгом
«Скажи: Да – здоровому образу жизни!».
Ответственными преподавателями
от факультета выступили М         найдарова С.С., Мусина Ж.А. и Байзакова А.С.

В акции участвовало 60 студентов от факультета. Расстояние забега – 2 км., от
Евразийского гуманитарного института до центрального парка. Все участники
были разделены на 3 возрастные группы. Каждая группа получила грамоту за
первое, второе и третьи места. Организаторы массового забега подготовили футболки
с логотипом акции.

Студенттік футбол лигасының іріктеу матчы

Құттықтаймыз!

Қыркүйектің 26-сы күні өткен студенттік футбол лигасының іріктеу матчында «Тұран-Астана» университетінің футбол құрама командасы мен Қаржы Академиясының «Қаржыгер» командасы арасындағы ойын 2:0 есебімен аяқталды.

mini

Студенттік футбол лигасының күзгі ойын турының ашылу салтанаты

Құттықтаймыз!!!

Студенттік Футбол лигасының күзгі турында «Тұран-Астана» университетінің футбол құрама командасы  «Назарбаев» университетінің футбол құрамасымен өткен кездесуде 3:1 ұпаймен қарсыластарынан басым түсті.

Үстіміздегі жылғы 12 қыркүйек күні Назарбаев университетінің спорт кешенінде Студенттік футбол лигасының күзгі ойын турының ашылу салтанаты өтті.

Алда футболшыларымыз Қаржы академиясының және ҚазГЗУ-дың футбол құрама командаларымен ойын өткізетін болады.

Жігіттеріміздің Play-Off  сериясына шығатын барлық мүмкіндіктері бар. Оларға алдағы ойындарына сәттілік тілейміз!

<<...10...1819202122