Жеңіспен құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасының мини футболдан дәстүрлі ұлттық студенттік лигасы басталды.
«Тұран-Астана» құрама командасы бірінші ойынында Қаржы Академиясымен кездесіп
6-2 жоғары есеппен жеңіске жетті.

Келесі ойындарыңызға сәттілік тілейміз.

Біз сіздерге сенеміз!!!

(Русский) Семинар-тренинг с лидером Jokeasses

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

Емтихандық сессияның басталуы (сырттай бөлім)

«Тұран-Астана» университеті 2017 жыл қазанның  23-нен қарашаның 11-не дейінгі аралықта
сырттай бөлім студенттері үшін емтихандық сессия өтетіндігі туралы хабарлайды.

Емтихандық сессия барлық мамандықтарда оқитын  2 курс жоғары білім негізінде және
орта-кәсіптік  білім негізіндегі 3 курс студенттері үшін басталады.

(Байланыс телефондары 8 (7172) 39-81-18 (ішкі нөмір 125, 127, 122).

 

Туристер қатарына қабылдау

10 қазан күні «Туризм» мамандығының 4-курс студенттері бірінші курс студенттеріне
арналған «Туристер қатарына қабылдау» іс-шарасын ұйымдастырды. Ал студенттеріміз
«Медициналық көмек», «Туристік жорық кезіндегі әсер» «Зияткерлік сұрақтар» және т.б.
сияқты жарыстар мен эстафеталармен сайысты. Сондай-ақ мұғалімдермен бірге
логикалық ойын өткізді

===

===

===
Іс-шара соңында бірінші курс студенттері туристердің антын қабылдады,және туристтік
тамақ ішіп ресми түрде туристер қатарына қабылданды.

Іс-шараны ұйымдастырушы Қаражанова Мейірамгүл Хасенқызы бірінші курс студенттерін
туристтер қатарына қабылдануымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті және келер
жылы болашақ туристерге арнап 3 жылдық курсқа ант беру рәсімін тапсырды.

Расул Тасщановтың дәрісі

«StartupUniver» Бизнес-инкубаторында бірқатар белгілі бизнес-жаттықтырушылар қатысушыларға
арналған мастер-класстары жағасын табуда. 
2017жылдың 10 қазанында белгілі Расул Тасщанов
«Дауыс» жобасымен сөз сөйледі. 
Жобаның мақсаты- студенттерімізге қазіргі әлемде өзіңді калай
табуға болатынын және болашақ кәсіпкер ретінде 
өзіңді таныту тәсілі уйрету болды.
Қатысушылар бұл тақырыпты талқылауға үлкен қызығушылық танытып өздерінің ойларымен
бөлісті.

Болашақ заңгерлердің судьямен кездесуі

2017 жылдың 6 қазан күні Астана қаласы Есіл ауданы №2 сотының судясы Қ.Тобағалиұлымен
«Сот кабинеті» атты Туран Астана университетінің “Құқықтану” және “Халықаралық
құқық” мамандықтарының студенттерімен қонақ дәрісі шеңберінде кездесу өтті.
Кездесу барысында сот жүйесінің реформасы, қылмыс, қылмыстық- іс жүргізу , азаматтық
іс жүргізу кодекстері, 
алқабилер соты мәселелері талқыланды.

«Студенттерді қабылдау-2017»

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні Елордалық клубтарының бірінде Тұран-Астана университетінің «Студенттерді қабылдау-2017» іс-шарасы өтті. Айтулы кеш негізі ретінде Араб туні тақырыбы таңдалған болатын бұл кештің атмосферасы түрлі-түсті шарлармен, жұлдыздармен, әуе шарлармен,
залдың айналасындағы тақырыптық музыкамен толықтырылды.

Сонымен қатар қатысушыларды Швет үстелі дәмді-тәттілермен уйлестірілді. Мерекенің ресми бөлімін «Тұран-Астана» университетінің ректоры, PhD докторы, профессор Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы  студенттерді құттықтап сөз сөйледі.

===

====
====

«Бүгін сіздер мыңдаған отбасылардың мүшесі болдыңыздар. Университет сіздің дамуыңыз үшін кең мүмкіндіктер ұсынадыСіздер  университеттің қарқынды дамып келе жатқан кезеңінде бірінші курс студенттері болдыңыздар. Осы оқу жылында біз жаңа корпоративтік философияға,стратегияға, жаңа міндеттерге кірістік.

Жас дарындарды қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз. Болашағымызды айқындайтын ол жас ұрпақ.

Қымбатты бірінші курс студенттері, оқуларыңыз жеңіл және қызықты болсын, сіздің жетістіктеріңіз ата-аналардың және мұғалімдердің мақтанышы болсынМен сіздерді «Тұран-Астана» университетінің Студенттерді қабылдау рәсімімен құттықтаймын!»,-деді Гүлжамал Әлкенқызы.

Сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушылар өз құттықтаулармен бөлісті.

Дәстүр бойынша бірінші курс студенттеріне арналған бірінші курс студенттерінің жаңа әлеуметтік мәртебесін растайтын символикалық білім кілті ұсынылды, Сондай-ақ 2курс студенті Садыкенов Айтуар және Ізберген Жанкүміс салтанатты түрде «білім кілтін» Жанармен Алтынбекке табыстады.

Концерттік бөлімде «Асылым»би тобы сияқты университетіміздің танымал шығармашылық ұжымдары қатысты және консерттің көркін келтірген біздің «Шығыс сулуларымыз» көрермендердің көңілінен шыға білді. Бірінші курс студенттеріне сыйлық ретінде  Жастар ісі жөніндегі камитеттің видео ролигі залдың қол шапалағына ие болды.
====
=====
====
======
Сонымен қатар Іс-шара мерекелік дискотека, конкурстар мен ойындармен аяқталдыБелсенділермен жеңімпаздар «Канго» саябағына барып трамплиндерден секіру және «Marwin»«Sheikh Room» сертификаттары табысталды.

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТУРИЗМ КҮНІ

2017 жылдың 30 қыркүйек күні «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы студендерге туристтік саяхат ұйымдастырған болатын.
Бүкіл әлемдік туризм күнін мерекелеу барысын «Туризм» мамандығы бойынша 1-2 курс студенттерін аға оқытушы А.Б. Байзакованың
алып жүруімен өткен болатын.
Туристтік саяхат (Астанадан 35-шақырым жерде) Жібек жолы кенті маңында өтті. Барлық есеппен жаяу саяхаттың көлемі 15км құрады.
Сонмен қатар, студенттер саяхат барысында студенттер жер бедерімен және арнайы техникалармен танысты. Бірінші курс студенттері
туристтік ант беріп, шатыр тігіп, қоқыс жинаудан жарыс өткізді.
   

Үш тілді білу – рухани жаңғырудың алғышарттарының бір

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай «Тұран-Астана» университеті «Психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы қазақ тілі және әдебиеті оқытушыларының   ұйымдастыруымен «Үш тілді білу- рухани жаңғырудың алғышарттарының бірі» тақырыбында факультетаралық сайыс болып өтті.
Рухани жаңғыру бағдарламасын негізге ала отырып, үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асырудың тиімді тәсілі ретінде тілді меңгеруге жастарды ынталандыру мақсатында өткен ісшара  5 сайыстан тұрды.

 

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерін қатар меңгерген 7 студенттен тұратын гуманитарлық-заң факультеті мен бизнес және технология факультетінің бірінші курс студенттетрінен құралған командалар   сайысты өздерін таныстырудан бастады. 

Әрі қарай сайыс мынадай жарыс түрлері бойынша өтті:

  • командалардың шығармашылық жарысы, яғни өз өнерлерін көрсету;
  • ойларын үш тілде еркін жеткізе алуға бағытталған интеллектуалдық-танымдық сайыс (отандық, әлемдік өнер, әдебиет, спорт тарихы мен қоғам, мемлекет қайраткерлері және көрнекі тұлғалар жайында);
  • берілген тақырып аясында белгіленген уақыт шеңберінде ауызша эссе;
  • «Мамандығым –мақтанышым» жарысы. Таңдаған мамандықтары бойынша шығармашылық қойылым.
Сайыс өте тартысты, жоғары деңгейде өтті. Өздерінің тыңғылықты дайындықтары мен жоғары жауапкершіліктерін танытқан гуманитарлық-заң факультетінің  командасы жеңіске жетті.

 

 

 

 

 

(Русский) Презентация проектов «Студенческая кофейня»

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

12345...1020...>>