«Startқа! Университет қабырғасындағы кәсіпкерліктің дамуы»

img_4279«Тұран-Астана» университетінде 2016 жылдың 20 қазанында кәсіпкерлік және қосымша кәсіптік білім беру институтының ұйымдастыруымен «Startқа!. Уақыттың нақты шарттары. Университет қабырғасындағы кәсіпкерліктің дамуы» атты дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столді кәсіпкерлік және қосымша кәсіптік білім беру институтының директоры Искаков Бауыржан Мұратбекұлы ашты. Сонымен қатар институттың жетекші маманы Минбаева Зинара Зияденқызы «ЖОО кәсіпкерлік институтының даму жолдары мен мәні» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.Ол өз баяндамасында университеттегі бизнес-жобалардың жүзеге асырылу ерекшеліктеріне тоқталды.
=====
img_4329ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшасы Абеева Ақнұр Нурлановна студенттермен жас кәсіпкерлердің қаржылай емес көмекті қалай алуға болатыны жайлы, Ұлттық палатада жүргізіліп жатқан бизнес-жобалар конкурстарының тәртібі туралы айтылды. Конкурстың нәтижесінде жеңімпаз жас кәсіпкерлердің Германияға оқуға баратыны жайлы және шетелдік бизнесмендердің мастер-класс, тренингтеріне қатысуға мүмкіндік алатыны белгілі болды.
===
====

img_4284

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Қалиева Мадина Ермуханбетқызы салық ставкаларының мөлшері туралы, бизнесмендерді тіркеу жолдары туралы жан жақты айтып берді. Астана қаласы бойынша «Ажол» партиясының жастар саясаты жөніндегі басқармасының маманы Нұргалиев Ербол Серікұлы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және қолдау көрсету туралы тақырыпта баяндама жасады.

Абенов Ерұлан Кабдолұлы – «Таймас» ЖШС директоры өзінің баяндамасында студенттерге ең бірінші кезекте оқу қажеттігі туралы және кәсіпкерлік білімдерін тәжірибемен байланыстыра отырып жетілдіруге болатыны жайында баяндады.

Дөңгелек стол барысында туризм мамандығының студенттері өз жобаларын қонақтарға таныстырды («EXPO- 2017» қарсаңында Астана қаласы бойынша экскурсиялық маршрут әзірлеу) және де IT-технологиялар бойынша жобаларымен таныстырды.

===
===
img_4332Кездесудің соңында кәсіпкерлік және қосымша кәсіптік білім беру институты және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы іскерлік байланысты одан әрі арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Дөңгелек стол өту барысында қонақтар студенттердің қолөнерлерінің жәрмеңкесі, студенттердің сән салонының ашылуы, заң клиникасының жұмысы және де психологиялық көмек көрсету орталықтарын аралады.

(Русский) Встреча с официальным представителем Лондонской школы маркетинга

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

«Тарихтағы ақтаңдақ пен ақиқат»

img_420520.10.16 ж. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің 100-жылдығына арналған «Тарихтағы ақтаңдақ пен ақиқат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің модераторы т.ғ.к., профессор З. Е. Колумбаева шақырылған ғалымдарды өз ойларын бөлісіп отыруға шақырды. Шара барысында ғалымдар тақырып аясында ой қозғап, тың деректермен бөлісті.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Өмірбай Жолдыбекұлы ұлт-азаттық көтеріліс жолындағы Кейкі батырдың алатын орнына тоқталды, архив материалдарымен бөлісті, сондай-ақ img_4206ғалымдар Мухлисов Нұрлан Кушкинбаевич, Қайырбек Кемеңгер, Омар Жалел, Жұмағұлов Сағынбай Ботпайұлы өз ойларын ортаға салып, қызу пікір таластырды. Сонымен қатар шараға қатысқан студенттер қызуғышылқ танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды.
Дөңгелек үстел өз мақсатына жетті, қойылған сұрақтардың барлығы талқыланды. Шара барысында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

ФИНАЛҒА жолдама!

gramota-kvn-pavlodar«Тұран-Астана» университетінің «Тұран Жастары» КВН командасы
кезекті жеңіспен Павлодар қаласынан оралды.
Павлодар қаласында 7-11 қазан аралығында өткен Республикалық
«Ертіс бойы» орталық лигасының ойындарында командамыздың көрсеткен
ойыны көрермендер мен қазылар алқасының көңілдерінен шықты.
«Тұран Жастары» 13 команданың алдына шығып, 1-ші орынға ие болды.
Осылай университетіміздің жастары финалға шықты.
Жарайсыңдар, жігіттер!

(Русский) Развитие культурных и общественных связей

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

Қазақстан халықтарының тілдер аптасы

img_3393Қазақстан Республикасы тілдер мерекесі аясында «Тұран-Астана» Университетінде 22 қыркүйек күні Әлеуметтік Гуманитарлық Пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Дөңгелек үстел өтті. Бірінші және екінші курс сынып студенттерінің қатысуымен өткізілген жиынның мақсаты – Университетімізде оқып жатқан түрлі ұлт өкілдері болып табылатын студенттерге тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, көптілділік саясатын дамыту. Мерекелік жиында студенттер қытай, ағылшын және түрік тілдерінің тарихы жайында баяндап, пікірталас, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырды. Абайдың өлеңдері үш тілде оқылып, мереке соңында Желсіз түнде жарық ай әні айтылды. Дөңгелек үстел соңында Кафедра меңгерушісі Зәуреш Ермекқызы мерекелік шараны қорытындылай келе, студенттерге тілегін білдірді. 

(Русский) День учителя

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

«Қазіргі Қазақстан: конституциялық-құқықтық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа 25 жыл»

12

Қыркүйектің 26-ы күні 2-оқу ғимаратының конференц-залында «Қазіргі Қазақстан: конституциялық-құқықтық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа 25 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ісшараны гуманитарлық-құқық факультеті ұйымдастырды, дөңгелек үстел модераторы құқық ғылымдарының докторы, профессор А.Д. Жусупов болды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссия хатшысы Т.Д. Абишев; ҚР Республикалық нотариалдық палатасының төрағасы А.Б. Жанабилова; Еуропалық құқық және адам құқығы Сараптау институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор М.С Башимов; «Жасар» АҚ төрағасы К.С. Калиев, сондай-ақ, Астана және Қарағанды қалалары ЖОО ПОҚ пен «Туран-Астана» университетінің студенттері, магистранттары және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында мемлекетіміздің құқықтық тәуелсіздігі мен тұрақтылығының неғұрлым көкейтесті мәселелері, экстремизм және терроризммен күрес талқыланды. Ісшараға қатысушылар«Туран-Астана» университеті «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Сман Айсана Сманқызын 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Сөз сөйлеушілердің барлығы да А.С. Сманның заң ғылымдарының және мемелекетіміздің құқықтық жүйесінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

ЖОО арасындағы көптілділік олимпиадасының нәтижесі

Көптілді олимпиада қатысушыларын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта одан әрі дамуын, зерттеулерінің табысты болуын тілейміз!
23 қыркүйек күні Тілдер аптасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген 1-2 курс студенттері арасында, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде тілдер олимпиадасы өткізілді. Біздің университеттен ӘГП кафедрасының оқытушылары дайындаған ХҚ-101 тобының 3 студенті белсене қатысты: Кожахметов Багдаулет, Уразаева Камилла және Каратаева Асель. Олимпиадаға бас-аяғы 25 топ қатысып, біздің студенттер үздік беске кіріп, жүлделі 4-ші орынды алды. Сондай-ақ олар конкурстың барлық бағыттарында жоғары деңгейде білімдерін көрсетті.
Жарайсыңдар,осы жолдарыңнан таймаңдар!

<<...678910...>>