Халықаралық ғарышкерлік және авиация күні

IMG_0616 «Тұран-Астана» университеті ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен бірлесе отырып, 11-сәуір күні Халықаралық ғарышкерлік және авиация күніне орай Кеңес Одағының Батыры, ҚР Халық Қаһарманы, ұшқыш-сынақшы, ғарышкер-зерттеуші, генерал-майор, техника ғылымдарының докторы, «Тұран-Астана» университетінің профессоры
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровке арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік іс-шараның қонақтары: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қатары, ҚР ІІМ Ұлттық Гвардиасы, С.К. IMG_0568Нұрмағанбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебі тәрбиеленушілері, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты өкілдері, әскери-патриоттық клубтар мен Астана қаласы оқу орындарының әскери кафедралары, сондай-ақ мектеп оқушылары.

Іс-шараның негізгі мақсаты ғарышкерлік ғылымның және ғарыш саласындағы инновацияны оқуға деген қызығушылығын, патриоттық рух пен жастардың мақсаттылығын арттыру, халық қаһарманының ерлігін үлгі ете отырып өскелең ұрпақты тәрбиелеу болды.

Comments are closed.