Білім беруді жаңғырту мәселелеріне арналған ІІІ Халықаралық конференция

IMG_10322016 жылғы 22 сәуір «Тұран-Астана» университінде Черноризец Храбр. Варна еркін университеті (Болгария, Варна қ.), Isik University (Түркия, Стамбул қ.), Санжи университеті (ҚХР, Санжи қ.) «Тұран-Астана» университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Ғылыми-инновациялық даму жоғары білімді жаңғырту факторы ретінде» ІІІ Халықаралық ғылыми- әдістемелік конференция өтті.
===

=====
IMG_1037Конференцияның қонақтары философия докторы Николай Буюклиев (Черноризец Храбр ат. Варна еркін университеті, Болгария, Варна қ.), Серкан Субаши (Isik University Халықаралық бағдарламаларды дамыту Бас үйлестірушісі, Түркия, Стамбул қ.), философия докторы Мұстафа Дилбер (Isik University «Маркетинг» кафедрасының профессоры, Түркия, Стамбул қ.), Серік Мұстафа «Санжи университетінің профессоры, ҚХР, Санжи қ.)болды.
================
IMG_1046Конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзді «Тұран» Білім беру конференциясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Орақ Жолмырзаұлы Әлиев сөйледі, ол барлық қонақтар мен конференцияға қатысушыларды құттықтады, конференция тақырыбының өзектілігін, ғылыми ұжымдарды жаһандық халықаралық ғылыми-білім қоғамға әрі қарай интеграциялауда халықаралық ынтымақтастықтің рөлін атап өтті.
=====
=========
IMG_1039Пленарлық сессияда профессор Мұстафа Дилбер «Түркиядағы университеттік білім берудің заманауи жүйесі» тақырыбына зерттеу көрсетілген баяндама, профессор Николай Буюклиев «ЖООда креативтік оқытуды қолдану әдістемесі», профессор Серік Мұстафа «Қытайда жоғары білім жүйесін дамыту жолдары» баяндамалары тыңдалды.
=====
=====
========
IMG_1067«Инновация туралы біз не білеміз» атты профессор Орақ Жолмырзаұлы Әлиевтің баяндамасы ғылыми сөзжарыс тудырды. Конференцияға 100-ден астам өтініш берілді. Барлық баяндамалар тақырыптық секцияларда оқылды және қызу талқылау жүргізілді. Іс-шара аяқталғаннан кейін конференцияға қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар тапсырылды.

IMG_1349

Comments are closed.