Кафедра «Социально-гуманитарные дисциплины»

Кафедра ұжымы бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруға қажетті әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді
(қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдері, Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану) оқытуды
қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы сонымен қоса «Қазақ тілі мен әдебиеті»,
«Аударма ісі» бағыттары бойынша мамандар дайындалатын түлек шығарушы кафедра болып табылады.
Кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Колумбаева Зауреш Ермековна.

oku-adistemelik            gylymi-zertteushilik

tarbie-jumysy            okytushylar-kuramy

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының миссиясы:
Гуманитарлық білім берудің заманауи талаптарына жауап беретін, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті
қазақ филологиясы, аударма ісі мамандарын кәсіби дайындау.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы келесі мамандықтар бойынша
кадрлар дайындайды*:
Бакалавриат
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
5В020700 «Аударма ісі»
Магистратура
6М011700  «Қазақ тілі мен әдебиеті»

*Мамандарды дайындау ҚР БжҒМ 2010 жылғы 3 ақпанындағы №0137367 мемлекеттік лицензиясы, 2010 ж.
18 наурыздағы № 0106993, 2010ж. 18 наурыздағы №0106994, 2010ж. 3 ақпандағы №0106988 мемлекеттік
лицензияға қосымшалар негізінде жүзеге асырылады, лицензия мерзімі – шектеусіз.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында зияткерлік меншікке 28 патент бар.

Кафедра хронографы:

  • 2013 жылы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының барлық мамандықтары білім берудегі
    сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз қазақстандық агенттікте институциональдық аккредитациядан
    өтті (
    01.2014 жылғы IA № 0026 куәлік).
  • 2014 жылы«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті,
    6М011700Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020700 «Аударма ісі» мамандықтары білім берудегі сапаны
    қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз қазақстандық агенттікте мамандандырылған аккредитациядан
    өтті (
    106.2014 жылғы SA № 0020/1 куәлік).
  • 2015 жылдың желтоқсанында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, педагогика
    ғылымдарының кандидаты А.Ж. Досанова ҚР БжҒМ жыл сайынғы байқауының нәтижесі бойынша
    «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын иеленді.
  • 2016 жылдың 18 қарашада ҚТӘ-401 тобының 4 курс студенті Исхакова Б. және Туймебайкызы У. «Діни
    экстремизм мен терроризм мәселелерін шешудегі қоғамдық институттардың рөлі» атты республикалық
    конференцияға қатысып, баяндамалары үздік деп танылды.
  • 2016 жылдың желтоқсан айында т.ғ.к., «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры
    Колумбаева З.Е. ҚР БҒМ жыл сайынғы байқауының нәтижесі бойынша «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
    атағын иеленді.