СТУДЕНТ АР-ҰЖДАН КОДЕКСІ

Университетте білім алушы әр студенттің:
— мемлекеттік жалпығабілімберу стандарттарына сай білім алу;
— Қазақстан Республикасы мемлекеттік, орыс және аз ұлттар тілінде тілдесу;
— кітапхана, ақпараттық қор, жоғары оқу орын оқу, ғылыми және басқа да бөлімшелерінің қызметін тегін қолдану;

— тәрбие жұмысы немесе студенттер демалысы шеңберінде оқу орнында ұйымдастырылатын шараларға қатысу;

— моралдық әрі материалдық қолдау әрі марапаттауға ие болу, атаулы стипендияға құжат тапсыру (ҚР Президенті, Т.Әубәкіров және т.т.);

— азамат, тұлға, білімберу үрдісінің субъекті ретінде құрметтеу және өзін құрметтету;

— жоғары оқу орнанда оқуды реттеуші заңнамалық актілер туралы ақпарат алу, сонымен бірге жеке қалыптық-құқықтық ережелерді түсіну;

— білімберу үрдісінің кез келген деңгейіндкгі қатысушы тарапынан құқ бұзушылық әрекет болған жағдайда құқықтық (заңды) қорғаныс;

— Университет ғылыми кеңес құрамы, студенттік өзін басқару ұйымына мүше ретінде сайлану;

— білімберу үрдісі, демалыс пен тұрмысты жетілдіруге қатысу;

— қолданыстағы заңнамаға сай академиялық демалыс алу;

— Жоғары кәсіптік білімберу рұқсат ететін білімберу ұйымдарында Білім алушылардың ауысу және қайта қабылдану қолданыстағы ережелеріне сай ауысу және қайта қабылдану;

— оқу-тәрбие үрдісін бұзу фактілері туралы ақпаратты ұсынған кезде (студенттің жеке сұранысына орай) құпиялылық;

— білім алуды сапалы түрде иегрген және ректорат, деканат өкімдерін бұлжытпай орындаған жағдайда оқуынан бос кезеңде оқуын жұмыспен қатап алып жүру;

— еңбекпен қамту және еңбек нарығындағы сұраныс туралы ақпаратты алу;

— бекітілген тәртіппен жатақханада орынмен қамтамасыз етілу құқығы бар.

Университетте біліміалушы әр студент міндеттері:

— Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін білу және оларға құрметпен қарау;

— студенттің бастапқы міндеті – оқуға жауапкершілікпен қарау;

— Университет, «Тұран-Астана» университеті студенттерінң ар-ұждан кодексі жарғысы және оқу-тәрбие үрдісін реттеуші басқа да қалыптық-құқықтық құжаттарды білу және қатаң сақтау;

— ішкі тәртіп ережелері мен жатақханада тұру ережелерін сақтау;

— адам намысы және білімалушы, оқытушы жоо қызметкері көзқарасын сыйлау, басқа тұлға көзқарасымен санасу, құрметтеу;

— үнемі ұқыпты болу, Ішкі тәртіп ережелеріне сай сабақтарға таза киімде келу;

— өзгелерге қандай да бір өрескел мәнез көрсетпеу, бір-біріне деген құрметті сақтау, өзгелер және оқу орын мүліктерін ұрламау, дөрекі мінез танытпау (өрескел әрекет етпеу, айғайламау, түкірмеу, түшкірмеу, боқтамау және т.т.);

— студенттік академиялық адалдықты сақтау, көшірмеу, жауапарақ және басқа да ақпарат алудың заңсыз түрлерін қолданбау;

— жалған құжаттарды жасамау немесе жалған факті, деректерін қолданбау және т.т.;

— уақытында (бірнеше сағат ішінде) қандай да төтенше жағдаймен сабақ босатулары туралы ақпараттандыру, сонымен бірге растаушы құжаттарын (науқастану, отбасына жағдайына орай жол жүру және т.т.) дер кезінде жеткізу;

— ақы төлеу туралы келесімнің шартын мүлтіксіз сақтау;

— университетте бар әлеуметтік мәдени және жеке бастың дамытуына мүмкіндіктерді мейлінше қолдану және қоғамдық өмірге белсене қатысу;

— оқу пәнін қатаң сақтау, сабаққа еш кешікпеу;

— астаналық жоғары оқу орынының имиджін оқу және қоғамдық жетістіктермен жетілдіру;

— университет дәстүрлерін құрметтеу, саналы түрде сақтау, мұқият сақтау және студенттер келесі ұрпағына ұсыну;

— ұлттық тайталас, адам құзығын бұзатын экстремистік әрекет пен пиғылға жол бермеу;

— бейәдеп сөздер қолданбау, тәртіпті әрі мәдениетті сөйлеу;

— салауатты өмір салтын ұстану, құрдастар арасында салауатты өмір салтын сақтауды қолдау әрі насихаттау;

— үнемі флюорографиялық тексерістен өту;

— университет мүлкіне мұқият қарау, сақталуын қамтамасыз ету;

— университет және оның аймағын абаттандыру және көгалдандыру шараларына белсенділікпен қатысу;

— оқу-тәрбие үрдісін бұзу фактілері туралы дер кезінде әрі шынайы ақпарат беру.

«Тұран-Астана» университеті студенті ар-ұждан кодексі» ережесін бұзған жағдайда студент жазаланады, ал өрескел және бірнеше мәрте бұзған болса – университет студенттері құрамынан шығарылады.

Comments are closed.