Тәрбиелік-танымдық дөңгелек үстел

ZK105.05.16ж. күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті т.ғ.к. З.Е. Колумбаеваның ұйымдастыруымен «Дін және Шәкәрім» тақырыбында тәрбиелік-танымдық дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел мақсаты: Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» еңбектерін талдату, оның мазмұнын түсіндіру. Студенттер бойында заманауи білім мен имани тәрбиені қалыптастыру. Халық мұрасынан сусындаттыру. Ақын, философтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған документальды фильм көрсетілді. Шара барысында студенттер өз ойларын айтып ортаға салды, қатысушылар да пікір-таласқа белсенділік танытты.

Comments are closed.