МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

2013 жылы жалпы көлемі 4060,6 шаршы метрлік жаңа оқу ғимараты іске қосылды. Онда дәріс залдары, компьютер сыныптары, спорт және акт залы, конферензал бар. Екінші оқу кешенінде спорттық саймандары бар тренажер залы, күрес залы; 130 орындық акт залы, интербелсенді жабдықпен жасақталған 60 орындық конференц-зал бар.

Оқу үрдісін материалдық-техникалық қормен қамтамасыз ету үшін университет екі ғимаратында интербелсенді жасақтары бардәріс залдары, лингафон кабинеттері, компьютер сыныптары, сот мәжіліс залы, криминалистикалық полигон, сызбатехника кабинеті, физика кабинеті, кескіндеме және сурет студиясы, тігін шеберханасы, 1С-бухгалтерия кабинеті, психодиагностика кабинеті және оқытудың заманауи техникалық құралымен жабдықталған т.б. көптеген бөлме бар.

Барлық компьютерлік сыныпта сұйықкристалл 19 дюймді мониторлы компьютер бар, Интернетке қсылған жергілікті желіге қосылған. ПОҚ, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар Интернетті тегін әрі уақыты шектелмей қолданады. Бірінші және екінші оқу ғимаратта Wi-Fi желісіне тегін қосылуға болады.

Сабақ, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін кабинеттерде интербелсенді тақта, мультимедиялық проектор, панорамалық экран орналастырылған.

Университеттің бар бөлімшесі компьютер, принтер, аудио-бейне аппаратурамен жабдықталған.

Кітапхананың жалпы кітап қоры: оқу, ғылыми және көркем шығармалар, абонементпен қосақанда 300 000 данадан астам. Кітапханада кітапсақтау жеке бөлмелері бар; 150 орындық әмбебап 3 оқу залы; 30 жұмыс стансалы, Интернетке қосылған СD-зал бар.

Қажетті жабдықтармен жасақталған оқу-әдістемелік нұсқау, кітап, әдістемелік нұсқауды басып шығаруға арналған шағын баспахана бар.

УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ТАМАҚТАНУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Орналасқан жері: екінші оқу ғимараты
Орын саны: 70
Мәзірде тағамның түр-түрі ұсынылған.
Асхананың жұмыс істеу уақыты,
дүйсенбіден жұмаға дейін: 9.00 — 18.00 с.
Сенбі 9.00 – 13.00

ЖАТАҚХАНА
Студенттерге жағдай жасалған жатақхана университетте бар, онда:
Оқу залы, демалыс бөлмесі; қажетті электр техникасымен жабдықталған
ас бөлме әрі тұрмыс бөлмесі; жуынатын бөлме бар.

СПОРТ ЗАЛЫ
Спорт залының жалпы көлемі 630 шаршы метр, оның 531 шаршы
метрін спорт манежі алып жатыр. Спортзалда ерлер мен қыздар
киіну бөлмелері, жуыну орны, дәретхана бар.

АКТ ЗАЛЫ, КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ
Акт залына 392 көрермен сыйады және ол жаңа жабдық және
техникалық аппаратурамен жасақталған. Акт залында киім
және грим бөлмелері бар. Конференц-зал интербелсенді жабдықпен
жасақталған, 60 орындық.

Университет медицина пункті екінші оқу ғимаратында орналасқан. Онда қабылдау бөлмесі мен ем-дом бөлмесі бар. Пунктте медициналық жабдық бар, алғашқы медициналық көмекее қажетті дәрі-дәрмектің түр-түрі бар. Медицина қызметкеріне оқу ғимаратының санитарлық-гигиеналық қалпын, университет асханасындағы тамақтың сапасын бақылау, санитарлық-ағартушылық және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Университеттің барлық имараты мен ғимараты санитарлық қалып және өрт қауіпсіздігі талаптарына толықтай жауап береді, сонымен бірге мемлекеттік білімберу стандарты талаптары және білімберу мекемелеріне қойылатын біліктілік барлық талабын қанағаттандырады.

Comments are closed.