«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ ӘУБӘКІРОВ атындағы АТАУЛЫ ШӘКІРТАҚЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

(Университеттің 2011жылғы 30 тамыздағы Ғылыми кеңесі отырысында қабылданды, №1 хаттама, Ғылыми кеңестің шешімімен өзгеріс пен толықтырулар енгізілді «____»_________201__ж., №___ хаттама).

Осы ережеде ССРО ғарышкер-ұшқыш, Кеңес Одағы батыры, Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров атындағы шәкіртақыны (әрі қарай Т.Әубәкіров атындағы шәкіртақы) университет студенттеріне тағайындау және төлеу шарты мен тәртібі анықталады.

Атаулы шәкіртақы мақсаты – күндізгі бөлімде оқитын өмірлік белсенді ұстанымы бар, дарынды, бастамашыл әрі тәртіпті студенттердің оқу, ғылыми-зерттеу қызметін дәріптеу әрі материалдық қолдау көрсету, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ерлігіне деген құрметті тәрбиелеу.

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Осы ереже атаулы шкіртақыны тағайындау әрі төлеу шарты, тәртібін анықтайды.

  1. Аталмыш ережеге өзгерту Университет ғылыми кеңесінін шешімімен енгізіледі.
  2. Шәкіртақы Осы ережеге сай, оқуғ зерттеу, оқудан тыс қызметте тұрақты жетістіктерге қол жеткізген 1,2,3 курс студенттеріне тағайындалады.
  3. Шәкіртақы бір академиялық кезеңге (семестр) тағайындалады. Аталмыш ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда бір студент атаулы шәкіртақыны екінші мерзім алуына үміткер бола алмайды.
  4. Атаулы шәкіртақы конкурстық негізде тағайындалады.
  5. Конкурстық комиссия университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінен құрылады.
  6. Конкурстық комиссия қолдаухаты Университет ғылыми кеңесіне шығарылады, Ғылыми кеңес шешім шығарады.

II.ШӘКІРТАҚЫ БЕРУ ШАРТТАРЫ

Т.Әубәкіров атындағы шәкіртақы мына жағдайда ғана студентке тағайындалады:
2.1.1. Сабаққа 100 % қатысуы;
2.1.2. Оқу жетістігінің жоғарылығы;
2.1.3. «Тұран-Астана» университеті Студенттерінің ар-намыс кодексіне сай ұқыпты болуы;
2.1.4. «Тұран-Астана»университеті өткізетін қоғамдық шараларға қатысуы;
2.1.5. Университет ішілік, аймақтық. Республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми шараларға қатысуы;
2.1.6. Универсиеттің кәсіптік бағдар жұмысына қатысуы;
2.1.7. Оқу ақысының уақытында әрі толық төленуі, университет жастар ісі жөніндегі комитетінің ұсынысы, екі оқытушының ұсыныс хаты, куратор-эдвайзер ұсынысы, факультет жалпы отырысының ұсыныс хаты;
2.1.8. «Т.Әубәкіров атындағы шәкіртақының» бірмезгілде 5 иегері болуы мүмкін.

Университет мына жағдайларда:

  • студент білім алуын үзген жағдайда;
  • сабақтарын босатқан кезде;
  • қоғамдық белсенді жұмысы тоқтатылған жағдайда шәкіртақыны беруді тоқтату не мүлдем бермеугеқұқылы:

III. ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР

3.1 «Тұран-Астана» университеті ішкі тәртіп және Студенттің ар-ұждан кодексі ережелерінде қарастырылған тәртіп бұзушылық болған жағдайда шәкіртақыны беру мерзімінен бұрын тоқтатылады.

IV.ӨКІЛЕТТІ ҰЙЫМ

4.1.Шәкіртақыны тағайындауға үміткерлерді іріктеу өкілеттік ұйымы – «Тұран-Астана» университетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті.
4.2.Өкілетті ұйым:
— Конкурстық іріктеу және оның нәтижесі туралы университет студенттеріне ақпарарт таратады;
— Шәкіртақы тағайындалатын үміткерлер міндетті әрі қосымша құжаттарын жинайды және тіркейді;
— Шәкіртақы тағауындау тізімін ұсынысхатымен, сонымен қатар ЖІжК отырысы хаттамасын Ғылыми кеңеске ұсынады;
— Конкурстық іріктеуге даярлық және өткізу барысында туындаған басқа да мәселені қарастырады;
— Шәкіртақы тағайындау үрдісін реттейді.
4.3.Өкілеттік ұйымның мекенжайы: Астана қ., Ы. Дүкенұлы, 29, 2-ғимарат, 210-бөлме. Байланыс телефоны: 87023333230.

V. ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ

5.1.Сараптау комиссиясы:
— Осы ережеге сай қатысушыларға қойылатын талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігіне сараптама жасайды;
— ұсынылған конкурстық материалдарды бағалайды;
— қажет болған жағдайда үміткерден қосымша материал сұратады;
—Шәкіртақы тағайындауға үміткерлер тізімін қалыптастырады;
—Конкурстық материалды бағалау кезінде туындаған басқа да мәселелерді қарастырады.

5.2.Мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің басым түскен дауысымен ашық түрде қарапайым дауыс беру арқылы комиссия шешім шығарады.
«Қолдау» және қарсы шығу» дауыстары тең түскен жағдайда төраға дауысы шешуші деп саналады.
Комиссия мүшесі комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, қабылданған шешімге қатысты ерекше ойы барын конкурстық комиссия отырысы хаттамасында жазып кетуіне құқылы.

5.3.Комиссия шешімі екі данада ресімделеді де, отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

5.4. Университет студенттері арасында ашық дауыс беру үшін конкурсқа қатысушылар шақырылады. Комиссия тағайындаған күні дасым түскен қарапайым дауыс беру жолымен жабық түрде дауыс беріледі.

5.5. Конкурсқа қатысқан көп дауыс жинаған алғашқы бес қатысушы үміткер қатарына қосылады да, Университет ғылыми кеңесінде бекітілуге жіберіледі.

VI.КОНКУРСТЫҚ МАТЕРИАЛДЫ ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ

6.1.Қатысушы Өкілетті ұйымға конкурстық материал топтамасын ұсынады, оған енетін құжаттар:
1) 1 қосымшаға сай конкурсқа қатысу туралы ұсыныс хаты (1 парақтан көп емес);
2) қосымшасы тіркелген 1 баспа парақтан аспаған қатысушы сауалнамасы;
3) жеке куәлік, сынақ кітапшасының көшірмелері;
4) төмендегі құжаттардан тұратын қатысушы портфолиосы:
«Егер мен ССРО ғарышкер-ұшқышы, Кеңес Одағы батыры, Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров атындағы шәкіртақының иегері атансам…» атты эссе (2 баспа парақтан артық емес);
Университетте оқыған кезең ішінде жүзеге асыруға қатысқан (қатынасатын) маңызды шаралар туралы мәлімет;
Қосымшаға сай конкурсқа қатысушының қоғамдық белсенділігі жайлы ақпарат;
Конкурстық шараларға қатысқанын және жоғары жетістіктерін құжатпен растаушы мақтау қағаз/диплом және басқа да құжат көшірмелері;
Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызметті жүзеге асыру шараларына қатысқанын растаушы фото- және бейнематериалдар (қатысушы қалауы бойынша CD/DVD-дискідегі нұсқасы).
6.2. Құжаттарды үміткердің өзі 2 семестрдің алғашқы 10 күні Конкурстық комиссия тапсырады.
Электрондық поштамен жіберілген материалдар қарастырылмайды.
6.3. Тапсыру мерзімін бұзып ұсынылған құжаттар қарастырылмайды.
6.4. Осы ереже талаптарына сай емес құжаттар қарастырылмайды және қатысушыға қайтарылады.
6.5. Конкурстық іріктеу жүргізу қорытындысы бойынша жеңімпаздар материалы қайтарылмайды. Жеңіске жетпеген қатысушылар материалы қолма-қол қайтарылады. Конкурстық комиссия жеңімпаздар тізімін бекіткен сәттен 30 күн өткен соң қатысушы қайтарып алмаған матералдар жойылады. Конкурс жеңімпаздары құжаттарын сақтау мерзімі – қорытынды шыққан уақыттан бастап 1 жыл (соңынан жойылады). 

1-ҚОСЫМША

«Тұран-Астана» университетінің
ректоры профессор Г.А. Жапароваға
«____» топ студенті___________
АЖТ 

ӨТІНІШ

           

ССРО ғарышкер-ұшқыш, Кеңес Одағы батыры, Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров атындағы шәкіртақысын алу үміткерлерінің конкурсына жіберуіңізді сұраймын.

                                                                                                                                                                                                                                                        Күні

                                                                                                                                         Қолы

 

2 ҚОСЫМША
«Тұран-Астана» университетінің
ректоры профессор Г.А. Жапароваға
ұсыныс хат.

 

ССРО ғарышкер-ұшқыш, Кеңес Одағы батыры, Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров атындағы шәкіртақысын алу үміткерлерінің конкурсына 201__ – 201__ оқу жылына__________________________________________факультеті атынан ____________________________________________(үміткердің аты-жөні, кафедра, мамандық, курс, топ). (ЖОО әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызметіндегі қатысушының жетістігі мен қызметіне қысқаша сипаттама) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Басшы лауазымы                                                                                                            қолы

М. О.

3 ҚОСЫМША

ССРО ғарышкер-ұшқыш, Кеңес Одағы батыры, Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров атындағы шәкіртақысын алу үміткерлерінің конкурсына іріктеуге қатысушының САУАЛНАМАСЫ

1.

Қатысушы аты-жөні, тегі

2.

Оқу орны (курс, факультет, тобын көрсету)

3.

Үй, үялы телефоны

4.

Е-mail

5.

Қоғамдық бірлестік, қатысушы лауазымы (болған жағдайда)

6.

Оқыған кезеңдегі университеттің әлеуметтік мағызды, кәсіптік бағдар және қоғамдық қызметтегі Сіздің негізгі жетістіктерің

7.

2014-2015 оқу жылы кәсіптік бағдар және қоғамдық қызметте Сіз қандай өзгерістер енгізер едіңіз

Толтыру мерзімі ____________________

Қатысушы қолы ____________________

Comments are closed.