Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары

5 сәуір 2017 жылы «Тұран-Астана» университетінде «Қазақстан
Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары»
атты тақырыпқа дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға көрнекті заңгер-
ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты – з.ғ.д., профессор
А.Д.Жусупов, з.ғ.д., профессор Ж.Д.Бұсұрманов, з.ғ.д., профессор
М.С.Башимов және мемлекеттік-құқықтық, сондай-ақ қылмыстық-
құқықтық пәндер кафедраларының профессорлық-оқытушылық
құрамы, магистранттар, студенттер, Астана қаласының колледждері
мен орта мектептерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек столдың ашылуында «Тұран-Астана» Университетінің  ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі
проректоры, т.ғ.д., профессор Т.А.Толқынбаев сөз сөйледі.

Дөңгелек стол модераторы з.ғ.д., профессор А.С.Сман болды. Жұмыс шеңберінде келесі баяндамалар жасалды:
з.ғ.д., профессор Бусурманов Ж.Д. «Азаматтардың құқықтыры мен бостандықтары мәселелері туралы жана қөзқарас»;
з.ғ.д., профессор А.С.Сман «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары-мемлекеттің жоғарғы құндылығы» атты
тақырыпқа; з.ғ.д., профессор М.С.Башимов «Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыру» атты тақырыпқа; з.ғ.д., профессор А.Д.Жусупов «Күшті мемлекет қалыптасу кезіндегі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» атты тақырыпқа; ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы Г.М.Ажгулова
«Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің модернизациясы мен Президент: 2017 ж.» атты тақырыпқа; «Қарулы
күштер ардагерлерінің Фонды» қоғамдық фондтың президенті С.З.Бегижанов «ҚР Президентінің адам құқықтарын қорғау
бойынша конституциялық-құқықтық өкілеттіктері» атты тақырып және т.б.

Пікірталасқа шақырылған қонақтар, магистранттар, студенттер, Астана
қаласының колледждері мен орта мектептерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек стол жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы
жетістіктерді ескере отырып, соның ішінде халықаралық-құқықтық құжаттардың
талаптарын орындау, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
халықаралық стандарттармен сәйкестендіруді сезіне отырып, келесі ұсыныстарды
қабылдау:

  • университет өкілдерінің, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өз құзыреттіктері мен
    өкілеттіктері шеңберіндегі адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары аясында жасалған жұмыстарды
    ескеріп ақпаратты ескеру;
  • адам құқықтары жөнінде БҰҰ Халықаралық Конвенциясының ұсыныстарын орындау, адам құқықтары жөнінде
    Халықаралық Пакт ұсыныстарын орындау, факультативті хаттамаларды және оның қағидаларын және ережелерін
    ұстану және бүкіл мемлекетке тарату, ЖОО, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да қызығушылық танытқан
    тараптармен тығыз жұмыс істеуді жалғастыру;
  • орта, арнайы-орта, жоғарғы және жоғарғы оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде адам және азамат құқықтары
    мен бостандықтары аясындағы халықаралық-құқықтық құжаттар идеяларын тарату жұмыстарын жалғастыру.

Comments are closed.