ЖОО-на ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Университетте мына мамандықтар бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқу жүргізіледі:

ЖОҒАРЫ БІЛІМБЕРУ МАМАНДЫҚТАРЫ:

шифр бакалавриат
мамандығының
атауы
Таңдау пәні (мамандық таңдау мақсатында) Бейінді пән (7 баллдан кем емес)

Білім

1 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиет Қазақ әдебиеті Қазақ тілі

Гуманитарлық ғылымдар

2 5В020700 Аударма ісі Шет тілі Шет тілі

Құқық

3 5В030100 Құқықтану Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
4 5В030200 Халықаралық құқық Шет тілі Шет тілі

Өнер

5 5В042100 Дизайн 2 шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

6 5В050300 Психология Биология Биология
7 5В050600 Экономика География Математика
8 5В050700 Менеджмент География Математика
9 5В050800 Есеп және аудит География Математика
10 5В050900 Қаржы География Математика
11 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару География Математика

Техникалық ғылымдар және технологиялар

12 5В070300 Ақпараттық жүйелер Физика Математика
13 5В070400 Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету Физика Математика

Қызмет көрсету

14 5В090200 Туризм География География
15 5В090400 Әлеуметтік мәдени сервис География География
16 5В090800 Бағалау География Математика

Құжаттар қабылдау 20-маусым – 25-тамыз аралығында жүргізіледі.

Мектепті ағымдағы жылы бітірген ҰБТ тапсырған түлектер, Кешендік тестілеу (КТА) тапсырғандар, мына пәндерден:

    • мемлекеттік не орыс тілі (оқытылу тілі)
    • Қазақстан тарихы
    • математика
    • таңдау пәнінен,
  • соның ішінде бейіндік пәннен кемі 7 ұпай, ал қалған пәндерден кемі 4 ұпай алған, қорытындысында кемі 50 ұпай жинағандар қабылданады.

Оқуға түсу үшін тапсырылатын құжаттар тізімі:

Risunok3

  • Жалпы орта, бастауыш кәсіптік (техникалық және кәсіби), орта кәсіптік (ортадан кейін) немесе жоғары білімі туралы құжат, қосымшасымен (түпнұсқа + көшірме).
  • ҰБТ/КТА тапсыру нәтижесінде берілген сертификат.
  • Жеке куәлік және көшірмесі.
  • 086-у үлгідегі медициналық анықтама + флюорография суреті.
  • 063 үлгідегі екпе картасы (күндізгі оқу)
  • 3х4 – 8 фотосурет.
  • Тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (бозбалалар үшін).

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМБЕРУ ГРАНТТАРЫ

Мемлекеттік білімберу гранттары ҚР БжҒМ ҰБТ және кешендік тестілеу нәтижесінде конкурстық негізде талапкерге бөлінеді. Білім беру мемлекеттік грантына қажетті ұпай санын жинаған студент жеке меншік формасына қарамастан құжатын тапсырған жоғары оқу орнында ҚР Үкіметінен грант иегері деген құжат алады.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР

Шығармашылық мамандыққа (“Дизайн”) қабылдау ҰБТ немесе кешіндік тестілеу ұпайларына орай жазылған өтініштерне сай жүргізіледі. Шығармашылық мамандыққа түскен тұлғалар:
– мемлекеттік немесе орыс тілі (ҰБТ/КТ кемі 4 ұпай болуы шарт);
– Қазақстан тарихы (ҰБТ/КТ кемі 4 ұпай болуы шарт);
– шығармашылық екі емтихан (әрқайсысынан кемі 10 ұпай болуы шарт).

Шығармашылық емтиханнан алынатын ең көп ұпай саны – 25.
Қабылдау үшін қажетті ұпай саны – 50 ұпай.

Шығармашылық мамандыққа емтихан тапсыруға өтініш 20 маусым – 1 шілде аралығында жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында тапсырылады.

КЕШЕНДІК ТЕСТІЛЕУ

Колледж түлектері және өткен жылдар түлектерінің кешендік тестілеуге қатысу үшін жазған өтініштерін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 20 маусым – 9 шілде аралығында қабылдайды.

Кешендік тестілеу 17-23 шілде аралығында өтеді.

РЕКТОРЛЫҚ ГРАНТ КОНКУРСЫ
Ректорлық гранттар және жеңілдіктер жыл сайын ішкі конкурс іріктеу нәтижесінде беріледі.

Конкурс іріктеуі 20 маусым мен 24 тамыз аралығында кестеге сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қабылдау комиссиясымен байланысу қажет.
Конкурсқа ҰБТ/ТКТ-ден 70 және одан жоғары балл алған талапкерлер қатыса алады.

Тел. +7 (7172) 39-51-10
Астана қ-сы
Ықылас Дүкенұлы, 29 көшесі
Екінші ғимарат, 2 қабат, 220А каб.

Comments are closed.