Оқытушы-профессорлық құрам

2

Университетте 180 астам жоғары білікті оқытушы, оның ішінде 153 штаттық, олардың: 12 ғылым докторы, профессор; 75 ғылым кандидаты, доцент, 51 магистр жұмыс істейді. Бұдан басқа, толыққанды және сапалы оқу үдерісін 50-ден аса жоғарыбілікті отандық және шетелдік маман-практик, ғалым штаттық қоса атқару және сағаттық төлемақы негізінде қамтамасыз етеді.

1

Бастамашыл, стандарттан тыс ойлау қабілеті жоғары және тиімді әрекет етуші мамандар даярлау мақсатында университеттің профессор-оқытушылық құрамы біліктілікті көтеру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандру мақсатында жүйелі түрдегі жұмысты жүргізеді.

  • Профессорлық-оқытушылық құрамның
    біліктілігін көтеру жүйесі мына бағыттарда
    жұмыс жасайды:
    — халықаралық жобаларға қатысу;
    — ғылыми-әдістемелік, оқу семинары, конференциясына қатысу;
    — курстардан өту;
    — ғыылыми орталықтарда тағылымдамадан өту;
    — біліктілік көтеру институттарында оқу.

31

2010-2011 оқу жылы біліктілікті көтергендер:

– 2011 жылғы қаңтарда «Қазақстан жоғары оқу орындарында Болон үрдісі негізгі қағидаттарын жүзеге асыру және ECTS жүйесін енгізу» атты ҚР БжҒМ ұйымдастырған Астана қаласында өткен семинарға университеттің 54 оқытушысы қатысты, сертификат алды;

– «Психология» кафедрасының доценті Мандыкаева А.Р. Алманияда, Берлинда Халықаралық институтта курстан өтті, сертификат алды;

5

– 2011 жылғы мамырда «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары Аяпбекова А.Е., Абылхакова С.М Астана қ. Жас туристер станциясында 72 сағаттық курс тыңдап, «Балалар-жасөспірімдер туризмінің нұсқаушысы» сертификатын алды;

3

– 2011 жылғы 21 мамырда университет оқытушылары «Tamos University Suite» бағдарламасын қолдану бойынша курстан өтіп, біліктілік арттырды, курсты «Тұран-Астана» университетінің Инновациялық технологиялар орталығы ұйымдастырды, сертификат тапсырылды;

– «Ақпараттық технологиялар» каедрасының оқытушысы Жармакин Б. 2011 жылғы 23-28 маусымда Астана қаласында «Қуатты сақтаушы технологиялар Еуропа бюросы» ұйымдастырған білімберу семинарына қатысты, сертификат алды;

2

– «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушысы Абдикаримова Г.А Қырғыз Республикасы Үкіметі, «Азия ынтымақтастық пен бейбітшілік аймағы» ТМД қатысушы мемлекеттер гуманитарлық ынтымақтастық Мемлекетаралық қоры, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт агенттігінің қолдауымен 2011 жылғы 4-12 қыркүйек ұйымдастырылған XI Халықаралық Ыстық көл спорттық отбасы ойындарына қатысты, жүлделі 3 орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

11

– «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушысы Абдикаримова Г.А Қырғыз Республикасы Үкіметі, «Азия ынтымақтастық пен бейбітшілік аймағы» ТМД қатысушы мемлекеттер гуманитарлық ынтымақтастық Мемлекетаралық қоры, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт агенттігінің қолдауымен 2011 жылғы 7-9 қыркүйек Бостері кентінде ұйымдастырылған «ТМД 20 жылдығына орай ШЫҰ және ТМД елдерінің жаңа жағдайында жоғары жетістікті және халық (бұқара) спортын дамыту» атты Халықаралық симпозиумға қатысты, сертификат алды.

– «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Беккожина Ж.А. «Қазақстан Республикасы стратегиялыққ жоспарлауына климаттың өзгеру сұрағын шоғырландыру арқылы тұрақты даму саласындағы әлеуетті өсіру» атты Жоба аясында «Шығын-табысты сараптау: әдіснама мен нақты мысалдары» атты білімберуші семинарға қатысты сертификат алды (Астана қ., 19-20 қазан 2011ж.);

– «Ақпараттық технология» кафедрасының доценті Инютин С.П. 2011 жылғы 8-11 қарашада «Корея Республикасында климаттың өзгеру саласындағы әлеуетті көтеру бағдарламасы» атты Корей Республикасында семинарға қатысты, сертификат алды;

– «Экономикалық пәндер» кафедрасының 13 оқытушысы 9-24 желтоқсан аралығында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қазіргі кездегі кәсіпорындарының экономика мәселелері» атты курстан өтті, сертификат алды;

3

-«Экономикалық пәндер» кафедрасының 6 оқытушысы 24-30 желтоқсан аралығында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған «Қаржылық шығын менеджменті» атты курсын тыңдады.

Comments are closed.