«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

«Тұран-Астана» университетінде жастардың білімі, білігі, дағдысын дамытуға әсер етуші тәрбие жұмысының тұжырымдамасы мен жоспар-бағдарламасы әзірленген.

IMG_6040std jizn

 

 

 

_DSC0477

 

Аталмыш тұжырымдаманың негізін қалыптастырушы ережелері:
— Белсенді студенттердің тұрақты құрамын қалыптастыру.

_DSC0323

_DSC0443

IMG_5718

— Студенттік өзін басқару жүйесін дамыту, студенттік жастардың бастамашысы болған жастар ісі жөнндегі комитет орындаушы рөлі ерекше.

Студенттік өзін басқару жүйесі университетте қалыптасқан, және сондықтан оның жұмысын болашақ маманды даярлаудың құрамдас бөлігі.

— Бәсекеге қабілетті маман бойынан табылатын адамгершілік, зияткерлік, азаматтық және елсүйгіштік қасиет қоры бар толыққанды тұлғаны қалыптастыру.

Оны жүзеге асыру үшін университетте Халықтық демократиялық «Нұр ОТан» партиясының бастауыш партия ұйымы жұмыс атқарады.

«Тұран-Астана» университетінің студенттері университеті, астана және республика көлемінде ұйымдастырылатын барлық қоғамдық-саяси, спорттық-сауықтыру, экологиялық және мәдени-көпшілік шараның барлығына белсенділікпен қатысады. Бұл студенттер бойында жоғары азаматтық ұстанымын тәрбиелеу, қазақстандық отансүйгіштік және қоғамдық белсенділікті көтеруге септігін тигізеді.

— Студент жастарының шығармашылық, зияткерлік, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін дамытуға септік ету.

Аталмыш бөлімдегі жұмысты жүзеге асыру үшін университетте оқытушылар әрі студенттер басқаратын ғылыми орталық, кеңес әрі клубтар жұмыс жасайды:

  • «Қазақстантану – Казахстановедение» ғылыми орталығы — басшысы э.ғ.д. профессор Әлиев О.Ж.;
  • «Жас Тұран» студенттік ғылыми қоғам;
  • домбыра үйрету үйірмесі (домбыра оркестрі);
  • би үйірмесі;
  • қолданбалы-көркем өнер үйірмесі;
  • шешендік өнер үйірмесі;
  • «Тұран-Астана» спорт клубы.

Университет студенттері мен магистранттары «Жас Тұран» студенттік ғылыми-практикалық жыл сайынғы конференцияға қатысады, онда қоғам және жастар заманауи, өзекті нақты мәселелері талқыланады. Конференция студенттердің шығармашылық ізденушілік белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Жын сайын конференцияға қатысушылар саны көбейіп отырады.

Аса белсенділік танытқан студенттерді университет басшылығы марапаттайды.

1 қазанда Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыста университет басшылығы «Туризм» мамандығы 9 студенті жалпықалалық жылсайынғы туристер слетінде жалпыкомандалық жүлделі 3-орын иеленгені үшін, қалалық тілдер фестивалі шеңберінде «Тілдер үштұғырлығы» конкурсында жүлделі 2-орын иленгені үшін ақшалай марапатталды.

— Студенттердің адамгершілік, мәдени және рухани дамуын қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін университетте дебат клубы, «Мисс Тұран-Астана» дәстүрлі конкурсы, шығармашылық ұйымдар есеп береді, «Alma-mater-Тұран» университеттік студенттер газеті шығарылады және т.т..

Еліміз бен әлемдік қоғамдағы атаулы дата әрі мерекелері міндетті түрде ескеріліп отырылады, ЖІжК университет үздік дәстүрлерінің саны мен сапасын көбейтуге бағытталған тәрбие жұмысының стратегиясы мен тактикасы әзірленеді. Қазіргі кезде қалыптасқан тәрбие жұмысы жүйесі студенттердің тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді, жоо ерекшелігін сипаттайды, білімберу бағдарламасын толықтырады, оған тиімділік пен қарқын қоса түседі.

Университет оқу жылында аталмыш сайтта орналастырылған болашақ жоспарында көрініс тапқан түрлі шаралармен толыққан, дер кезінде және сапалы түрде өткізіліп отырылады.

Comments are closed.