(Русский) Объявление!

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

Дөңгелек үстел: «Латын әліпбиін қолданысқа енгізудің өзекті мәселелері»

Дөңгелек үстел: «Латын әліпбиін қолданысқа енгізудің өзекті мәселелері»

«Тұран-Астана» университетінің психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының оқытушылары 2018 жылдың 16 наурызы сағат 10.00-де В208-конференц-залында «Латын әліпбиін қолданысқа енгізудің өзекті мәселелері» тақырыбы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиінің соңғы нұсқасын қолданысқа енгізу, жаңа әліпбидің бүгінгі таңдағы жай-күйі және болашағы, оны оқытудың әдістемесін талқылау болды.
Аталған іс-шара университеттің стратегиялық даму, ғылым және инновация жөніндегі проректоры, тех.ғ.д., профессор Т.Ә.Толқынбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Дөңгелек үстел «Тұран» білім беру корпорациясының вице-министрі, э.ғ.д., профессор О.Ж. Алиевтің латын әліпбиінің жүйелілік негізі жайлы пікірімен жалғасын тапты.
Дөңгелек үстел жұмысында Алматы қаласының Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к., доцент Б. С. Қапалбек, Еуразия инновациялық университетінің әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректоры, ф.ғ.к. В. А. Шнайдер, Е.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ жазуын латын графикасына аудару орталығының жетекшісі, тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. М.А. Тұрсынова латын әліпбиінің жаңа нұсқасын қолданысқа енгізудің тетіктері, кейбір әріптердің таңбалануын жетілдіру туралы онлайн режимінде өз көзқарастарын білдірді.
Сонымен қатар Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының әдіскері, магистр Д. Ж. Оспанова емле мәселелеріне, ал Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркология департаментінің меңгерушісі, профессор Юлай Шамилоглу және п. ғ. к., ассистент профессоры З.Н. Жұматаева латын әліпбиінің халықаралық деңгейдегі тәжірибесіне тоқталды.
Әліпбидің әлеуметтік желілердегі талқылану мәселесіне «КАЗГЮУ университеті» қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. к. Қ.С. Дүсіпбаева мен ф.ғ.к., доцент А.Ж. Зекенова, п.ғ.к., доцент А.Ж. Досанова тоқталса, «Тұран-Астана» университетінің психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Р. Айкенова мен ф.ғ.к., доцент С.О. Симбаева латын тілінің медицина саласындағы рөлі туралы ой бөлісті. Ал Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр А. Алимбаев рухани жаңғыру аясындағы толық адам тұжырымдамасы туралы өзіндік пікірін білдірді.
Сондай-ақ физ-мат. ғ. к., филос. ғыл. докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ЕҰУ РЭТ кафедрасының профессоры Д. Ә. Әубәкір және Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ доценті, биол. ғыл. к. Ө.З. Сағындықов пен «Тұран-Астана» университетінің доценті С.К. Омарова латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің өздері әзірлеген нұсқасын ұсынды.
Жалпы дөңгелек үстел тақырыбы қызу талқыланып, нәтижелі, мазмұнды өтті.

Atameken Business Channel телеарнасында «жаңа экономика –жаңа мамандықтар» деген тақырыптағы сұхбаты

15-ші наурыз 2018 жылы «Тұран-Астана» университеті «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Б.М. Искаков AtamekenBusinessChannel телеарнасында «жаңа экономика –жаңа мамандықтар» деген тақырыпта сұхбатқа қатысып келді. Негізгі сұрақтарға жауап бере отырып, Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы ғылым саласына нағыз прагматикалық, нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін тағдыршешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болғандығымен ерекшеленітіндігін айта келіп, сол жолдаудың жүзеге асыруына ең бірінші білікті мамандардың орны ерекше екендігін қарастырды. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасыолардың алатын орны, қазіргі уақыттағы университет тарапынан заман талабына сай қандай мамандықтар ашылып жатыр деген сұрақтарға жауап берді. Университет қабырғасында ашылған Бизнес инкубатордың студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына, олардың бәсекеге қабылетті маман болып қалыптасуына үлкен септігін тигізіп жатқандығын баяндады.

(Русский) Выставка «Весенняя палитра Астаны»

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

(Русский) Гостевой визит экс-министра туризма Болгарии Стелы Балтовой

Извините, но эта статья в данный момент не доступна

<<...23456...1020...>>